ШҚО-дағы өрт бойынша күдікті ұсталды

11 Мамыр 2021, 12:21
2024
Бөлісу:
ШҚО-дағы өрт бойынша күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Елдос Закимов Риддердегі өрт бойынша өткен брифингте брифингте айтты.

Полиция департаменті хабарлағандай, 10 мамырда Риддердегі өрт фактісі бойынша ҚР ҚК 204 - бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол бойынша 2 мың АЕК немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Аталған қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталды. Ол - бұрын-соңды сотталмаған Риддер қаласының 35 жастағы жұмысшы тұрғыны. Отты абайсызда қолдану осындай салдарға алып келді, - деді ол.

Закимов айтқандай, қазіргі таңда полиция департаменті арнайы жедел-тергеу тобын құрды.

Қызметкерлер тіркеу бейнелері бойынша оқиғаны зерттеп жатыр. Оқиғаның куәгерлері сұралып жатыр. Арнайы сараптамалар бекітілді. Жедел-тергеу тобында 15 тергеуші жұмыс істеп жатыр. Аталған іс Ішкі істер министрлігінің қатаң бақылауында. Іс бойынша қалған ақпарат жариялауға келмейді, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы