Қуат Хамитов Американы бағындырғысы келетінін айтты

11 Мамыр 2021, 07:45
1370
Бөлісу:
Қуат Хамитов Американы бағындырғысы келетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов (20-7-1) Instagram әлеуметтік желісінде алдағы жекпе-жегінен кейінгі жоспарымен бөлісті.

Осы жекпе-жектен соң Батысқа, Америкаға аттанғым келеді. Жаңа елдерді бағындыруға уақыт келді – Bellator ма, UFC ме бәрібір. Қыркүйек-қазан, сол жаққа жол жүреміз... Сондықтан бізге сәттілік тілеп қойыңыздар! – деп жазды спортшы Instagram желісіндегі парақшасында.

Қуат Хамитовтің келесі қарсыласы украиналық Антон Радько (12-6) болуы қажет еді. Алайда ол жекпе-жектен бас тартты. Оның орнына октагонға ресейлік Роман Головинов (10-4-0) шығады. Кездесу 19 маусымда Атырауда өтеді.

Еске салайық, Қуат Хамитов кейінгі жекпе-жегін қаңтарда Магнитогорскіде өткізіп, ресейлік Максим Пантелеевті бірінші раундта нокатуқа түсірген еді.

Өзгелердің жаңалығы