АҚШ-та жасөспірімдер вакцина ала бастайды

11 Мамыр 2021, 12:19
1681
Бөлісу:
АҚШ-та жасөспірімдер вакцина ала бастайды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың FDA медициналық реттеушісі 12-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын қолдану жөнінде шешім шығарды деп жазды, korrespondent.net. 

FDA-ның мәліметіне сәйкес, басқарма кеше Pfizer және BioNTech вакцинасын қолдану аясын кеңейтті. Осылайша 2020 жылдың 11 желтоқсанындағы қаулыға өзгеріс енгізді. Ол қаулыда препаратты 16 жастан асқан ел тұрғандарына қолдану жөнінде нұсқулық берілген болатын. 

Пандемия жағдайында жасөспірімдерді жедел вакцинациялау процесі таяу күндері басталады деп күтілуде.

Басқарма мұндай шешім шығармас бұрын препарат жөніндегі барлық талдаулар мен ақпарттарды жіті зерттегенін мәлім етті.

 

Өзгелердің жаңалығы