ШҚО-дағы өрт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

11 Мамыр 2021, 11:20
2082
Бөлісу:
ШҚО-дағы өрт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз дәстүрлі брифингте айтты.

ШҚО-ның Риддер қаласында 10 мамырда ірі өрт басталды. Оған 100 полиция жұмылдырылды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша ШҚО-ның тәртіп сақшылары тұрғындарға тәулік бойы көмек көрсетуге бағытталды. Олар өрттің басталғанынан бастап өртті сөндіру мен адамдарды өрт аймағынан шығаруға ТЖМ-ға жәрдемдесіп жатыр, - деді ол.

Нұрділда Ораздың айтуынша, полиция қызметкерлері тұрғындарды қауіпсіз жерге бару бойынша да ақпараттандырып жатыр.

Риддер қаласының барлық жеке құрамы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеп жатыр. Бос қалған үйлердің жанында өзге адамның мүлкін қорғау мақсатында полиция күзетте жүр. Құтқару жұмыстарына 300-ден астам полиция қызметкері мен 40 техника бірлігі жұмылдырылды. Глубокое, Шемониха аудандарының жедел-құтқару жеке құрамының қызметкері өрт болған аймақта көмек көрсетіп жатыр, - деді Ораз.

Ол атағандай, өрт бойынша Қылмыстық кодекстің 204/2-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өрт фактісі бойынша ҚР ҚК 204 - бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, -деді ол.
Өзгелердің жаңалығы