Биыл түлектер үшін мектепте соңғы қоңырау өтеді

11 Мамыр 2021, 12:28
4552
Бөлісу:
Биыл түлектер үшін мектепте соңғы қоңырау өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында оқу жылының аяқталуы және соңғы қоңырау іс-шараларын ұйымдастыру туралы вице-министр Шолпан Каринова айтып берді.

Әдеттегідей соңғы қоңырау мерекесі 25 мамырда өткізіледі. Биылғы жылғы шектеу шаралары ескеріліп, бірнеше формат ұсынылып отыр. Біріншіден, оқушылар мен мектептердің үйренгеніндей, ашық, таза ауада 9 және 11 сынып оқушылары үшін және 300-ге дейінгі оқушылары бар штаттық режимде оқытып келе жатқан мектептер өткізе алады, - деп түсіндірді Каринова жиналыста.

Сонымен қатар соңғы қоңырауды өткізудің тағы екі түрі ұсынылады. Бұл – сынып ішінде сынып сағаты форматында және онлайн түрде сынып сағаты форматында өткізу. Яғни биыл оындай үш түрі ұсынылып отыр.

Қажет болса, сыныптың ішінде де өткізілетін нұсқа ұсынылады. Сонымен бірге қашықтан оқытылып жатқан оқушылар үшін соңғы қоңырау онлайн форматта өтеді, - деді вице-министр.

Оның сөзінше, соңғы қоңырауды өткізудің негізгі мақсаты – барлық мектеп оқушылары үшін ол белгілі бір сыныпты аяқтап, келесі сыныпқа өту және жазғы демалыс уақытының басталуы, жазғы іс-шаралар туралы жұмыстар.

Өзгелердің жаңалығы