Все новости за 20 сәуір 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елордада бірнеше жол жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кептеліс болмау үшін көлік жүргізушілері жол жүру маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Шымкенттегі науқастардың жағдайы қанағаттанарлық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 7 жағдай туралы хабарлады, Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы.
-
Үкімет салық төлемдерін жеңілдететін Қаулы қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Үкіметі салық салу мәселелері бойынша экономиканы тұрақтандыру шаралары туралы қаулы қабылдады.
-
Батыс Қазақстанда вирус жұқтырған кісі Ресейден келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
-
Екібастұз қаласының үш тұрғынынан вирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 жаңа оқиға тіркелді, деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.
-
Коронавирус жұқтырған тағы 77 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 20 сәуірдің 22:15 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай, туралы хабарланды.
-
"Birgemiz" қорына 23 млрд теңгеден астам қаражат түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 20 сәуірдегі сағ.18.00 жағдайға сәйкес "Birgemiz" қорының шоттарында 23 369 711 214 теңге жинақталды.
-
Дәрігерлерге арнап үй салынуда
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда медицина қызметкерлері үшін 40 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталды.
-
40 қазақстандық Минскіден елге оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетінің таралуына байланысты біздің азаматтарымызды шетелден қайтару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 2020 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Әскери-әуе күштерінің Әскери-көлік авиациясының атсалысуымен Беларусьтен Отанына Қазақстан азаматтары сәтті оралды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
-
Елорда тәулік бойы дезинфекцияланып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада дезинфекция жұмыстары тәулік бойы екі ауысымда жүргізіліп жатыр. Күн сайын дезинфекцияға 500-ден астам адам шығады. Қалалық қызметтермен бірге дезинфекцияға қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері мен әскерге шақырылғандар да қатысады.
-
Коронавирус: Шымкентте тағы 4 науқас сауығып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында коронавирустан тағы 4 науқас сауығып, ауруханадан шықты, деп хабарлады Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы.
-
Маржықпаев: Әрбір теңгені барынша тиімді пайдалану қажет!
Ауданда аталған бағдарлама аясындағы 24 жобаның 17-і Щучинск қаласында жүзеге асырылмақ.
-
Елімізде індеттен жазылғандар саны 450-ге жуықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында 5 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Атырау облысында дезинфекциялық туннель орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығының барлық емдеу мекемелерінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шаралары қолға алынуда.
-
Еліміздің 20 әуежайы жұмыс істеп тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта республикада 20 әуежай жұмыс істейді. Оның 15-мемлекеттік әуежай, 8-жеке меншікте, 1-концессияда.
-
Карантин кезінде моншаға түскен басқарма басшысы жұмыстан қуылды
Тәртіптік комиссияның ұсынысы бойынша облыстық департамент басшысы М. Төлеубаев жеке құраммен алдын алу жұмысын нашар ұйымдастырғаны үшін қызметіне толық сәйкес еместігі түрінде жауапқа тартылды.
-
Коронавируспен күрес. Қазақстандық ғылыми жобалар байқауы өтті
Оның айтуынша, конкурстың финалдық кезеңінде 40 ұсынысты таңдап алған.
-
Қазақстандық белсенділер БҰҰ бастамасына үн қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш арнайы мәлімдемесінде COVID-19 қатысты жалған ақпарат толқынын болдырмауға шақырды.
-
Қатерлі індеттен жазылғандар саны 442-ге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында 4 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Қазақстан азаматы Кореяда 10 адамды өрттен құтқарды
Апат кезінде ол өз бетінше сыртқа шығуға мүмкіндігі жоқ 50 жастағы көршісін құтқаруға тырысады, бірақ, өкінішке орай, әйел түтінге тұншығып қаза тапты.
-
10 адам жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
"Birgemiz". Тағы 10 мың отбасы азық-түлікпен қамтылады
Әр қорапта 30 кг-нан астам азық-түлік бар. Оған бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдері, жарма, макарон өнімдері, күнбағыс майы және шәй секілді тауарлар кіреді.
-
Ресейде бір тәулікте 4268 науқас тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы елде коронавирустық инфекция 47 мыңнан астам адамда анықталды.
-
Қазір кінәліні іздеп салғыласатын уақыт емес - Назарбаева
Сенат басшысы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған журналистер, дәрігерлер, полиция мен әскери қызметкерлердің, еріктілердің қатысуымен орын алған келеңсіз көріністерге тоқталды.
-
Еуропадағы карантин режимі енгізілмеген жалғыз ел
Скандинавия елінің COVID-19-ға қарсы күрес стратегиясы әлемде үлкен резонанс тудырып отыр.
-
62 мыңнан астам адамның коммуналдық төлемі төленді
Сонымен қатар, ол аталға санатқа кіретін адамдардың тізімін қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы әзірлеген және тізімге енгізілген барлық тұтынушылар көмек алуға құқылы.
-
Чехия президенті елді бір жылға "жабуды" ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Милош Земан егер мұндай шара қолданбаса, елді тағы коронавирус жайлауы мүмкін, деген пікірде.
-
COVID-19: Науқастар саны 1775-ке жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ баспасөз қызметі Қазақстандағы коронавирус бойынша 20 сәуірдің 17:40 уақытындағы эпидемиологиялық жағдайды хабарлады.
-
Алматыда 361 мыңнан астам адам 42 500 теңге алды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы бойынша 361 548 адам 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алды, бұл 15,4 млрд теңгені құрайды.
-
Ерлан Саиров: Бүгін - қазақ қазақ болған күн!
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуразия интеграциялық институтының директоры Ерлан Саиров Facebook-тегі жазбасында қазақ халқы атының тарихына қатысты өз пікірін білдірді.
-
COVID-19: Денсаулық сақтау басқармалары басшыларының қызметінен кетуі жалғасып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әнуар Сағымбаев қызметінен кетті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Эбола ауруын жұқтырған науқас ауруханадан қашып кетті
Алматы, BAQ.KZ. Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырған науқас ауруханадан қашып кетті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баспасөз қызметі хабарлады.
-
3 күнге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2020 жылғы 21-23 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
-
Биыл жылыту маусымы 21 сәуірде аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы және дайындық кезеңінің міндеттері жайлы онлайн брифинг өтті.
-
COVID-19: 11 адам жұқпалы дерттен жазылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарланды coronavirus2020.kz сайтында.
-
Алматыда бизнес өкілдеріне арналған ХҚКО жұмыс істей бастады
Алматы, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ Алматы қаласында шағын және орта бизнес субъектілеріне қызмет көрсету орталығын ашты.
-
Митинг туралы заң жобасы неге карантинде қабылданғаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінде "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасы неліктен карантин кезінде қабылданғаны белгілі болды.
-
Алматыда тау бөктері опырылды
Алматы, BAQ.KZ. 2020 жылғы 18 сәуірде Медеу ауданындағы Керей-Жәнібек хандар көшесі №502 және "Тау-күні" оқу-сауықтыру кешенінің аумағында көлемі 7200 м3 сырғыма көшкін жүрді. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
-
COVID-19: ШҚО-да 3 адам сауығып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстанда коронавирустың 8 расталған жағдайы тіркелген.
-
Көкшетауда коронавирусты диагностикалайтын бірінші зертхана ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау қаласында 20 сәуірден бастап елде алғашқылардың бірі болып ПЦР-зертхана іске қосылатын болады, онда әрбір ниет білдірген адам коронавирус инфекциясына тест тапсыра алады.
-
Қытайдан келген медицина мамандары Алматы дәрігерлерімен кездесті
Алматы, BAQ.KZ. Өткен аптада Қазақстанға келген ҚХР медицина мамандары Алматыдағы әріптестерімен кездесіп, коронавируспен күрестегі тәжірибелірімен бөлісті. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
-
Елордада сәуір айындағы әлеуметтік пакеттер таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада "Магнум" ЖШС сауда желілерінде АӘК алатын отбасылардың балаларына сәуір айындағы кестеге сәйкес әлеуметтік пакеттер таратылды.
-
ITTF үстел теннисінен әлемдік турдың екі кезеңін шегерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық үстел теннисі федерациясы коронавирус індетіне байланысты әлемдік турдың екі кезеңін кейінге шегерді деп жазады Olympic.kz.
-
Коронавирус: Еліміз бойынша жазылғандар саны 417-ге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.
-
Сыр өңірінде көктемгі дала жұмыстары қызу жүруде
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қызылорда облысында 183,1 мың гектар алқапқа егін егіледі. Оның 88 мың гектарына өңірдің негізгі өнімі - күріш себіледі. Көктемгі дала жұмыстары туралы бізге сұхбат берген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сейілбек Нұрымбетов осылай мәлімдеді.
-
Қуыршақ театрының онлайн қойылымдарын 19 мың көрермен тамашалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының қуыршақ театры 19 наурыздан бастап қашықтан жұмыс істей бастады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Жаңа науқастардың басым бөлігі ауру жұқтырғандармен байланыста болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
-
Коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге төлеуге өтінім қабылдау қашан басталады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу тәртібі осы жылдың 18 сәуірінде бекітілді және бүгінгі таңда әкімдіктер өтінімдерді қабылдау үшін call-орталықтар мен ақпараттық ресурстар құру бойынша шұғыл шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
-
Түркістан облысында биылғы егіс көлемі 800 мың гектардан асады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 825,4 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.
-
Індет жұқтырған тағы 22 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 жағдай тіркелді, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.
-
Нұр-Сұлтан мен Алматыда бірқатар қызмет түрі жұмысын қайта бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімін бекітті.
-
Ертіс өңірінің диқандары көктемгі дала жұмыстарына кірісті
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде жарияланған карантин режимі диқандарға көктемгі дала жұмыстарын бастауға кедергі келтірмеді.
-
Құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйді сүру жалғасуда – қала әкімдігі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрылысы 2004 жылы басталған "Территория комфорта-1" тұрғын үй кешенінің 75%-ы сүрілді. Тұрғын үй кешенінде 500-ден астам үлескер бар.
-
Қызыл кітапқа енген қызғалдақты жұлған ер адам жауапкершілікке тартылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында полицейлер Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
12 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
Біржан Нұрымбетов: 42 500 теңгені заңсыз алғандар қайтарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді кімдердің заңсыз алғанын айтты.
-
Семейде екіқабатты үйдің шатыры өртеніп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-
42 500 теңге алғаны үшін ешкім жазаға тартылмайды – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен онлайн баспасөз брифингінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
-
Биыл жол сапасында 1 500-ден астам олқылық анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" үш айда жүргізілген жұмыстардың қорытындыларын шығарды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
-
Павлодар облысында 4 кісі вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы өңірде екі тұрғынынан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады.
-
АҚШ-та бір күнде 2 мыңдай адам коронавирустан қаза тапты
Алматы, BAQ.KZ. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше соңғы тәулікте Америкада 2 мыңға жуық адам қауіпті індеттен мерт болған.
-
Дезинфекциялық сепкіштері бар тракторлар шығарыла бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші "Агромашхолдинг KZ" кәсіпорны қала көшелеріне дезинфекция және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы дезинфекциялық сепкіштері бар тракторларды шығара бастады.
-
Қайтыс болған екі адамның да денсаулықтары аса ауыр халде болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Алматыда қайтыс болған 2 адам туралы айтты.
-
Орал қаласында бір адамның вирус жұқтырғаны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам анықталғанын хабарлады.
-
Коронавирус: Алматыдағы қазіргі жағдай
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 20 сәуірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 524 жағдайы тіркелді.
-
Алматыда еріктілер маска таратты
Алматы, BAQ.KZ. Нұр-Мүбарак университеті тегін маскалар таратты. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Коронавирус жұқтырған тағы 24 адам тіркелді
Қазақстандағы коронавирус бойынша 20 сәуірдің 09:25 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай
-
Төтенше жағдай кәсіпорынның жұмысына кері әсерін тигізген жоқ – Мұқаш Ескендіров
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы ең ірі химия өндірістерінің бірі – "Қазфосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
-
Головкиннің командасы "Канеломен" жекпе-жек өткізуден бас тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Джонатан Бэнкстің айтуынша, қазақстандық боксшы 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейді, деп жазады Prosports.kz.
-
2005 жылы туған гимнасшылар Токио Олимпиадасына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы Токио Олимпиадасының келесі жылға ауыстырылуына байланысты оған 2005 жылғы гимнасшылар қатыса алады, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
20 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Респулика аумағының басым бөлігіне әлі де антициклон әсер етеді. Осыған байланысты ауа райы ашық болады. Тек солтүстік-батыста ауа ағынының әсерінен кей жерлерде жаңбыр жаууы ықтимал. Сондай-ақ кей жерлерде жел күшейіп, найзағай жарқылдап, тұман түседі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Бүгін республиканың 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 20 сәуір күні республиканың бірнеше қаласында метеорологиялық ахуал жағымсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Наверх