Сыр өңірінде көктемгі дала жұмыстары қызу жүруде

20 Сәуір 2020, 13:50
2397
Бөлісу:
Сыр өңірінде көктемгі дала жұмыстары қызу жүруде

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қызылорда облысында 183,1 мың гектар алқапқа егін егіледі. Оның 88 мың гектарына өңірдің негізгі өнімі - күріш себіледі. Көктемгі дала жұмыстары туралы бізге сұхбат берген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сейілбек Нұрымбетов осылай мәлімдеді.

Оның айтуынша, Сыр диқандарының жұмысы қыза бастады. Олар 183 мың гектардан аса жерге егін егуге дайындап қойған. Соның 30 мыңына дақыл егіп үлгірген. Тарқатып айтсақ, биыл 97,8 мың гектарға – дәндi, 6 мыңға – майлы, 61,6 мыңға – мал азықтық дақылдар егіледі. 18 мың гектарға жуық жерге картоп, көкөнiс, бақша өнімдерін өсіру жоспарлануда. Ал Сыр маржаны – күрiш 88,2 мың гектарға себіледі.

Өңірде егіс алқабын әртараптандырамыз. Өйткені нарықтың сұранысын қаперде ұстауымыз керек. Осы мақсатта биыл сояның алқабын 290 гектарға ұлғайттық. Ал қант құмайы 200 гектарға артады. 164 гектарға жеміс-жидек, жүзім отырғызылады. Сондай-ақ, су үнемдейтін технологияны қолданып 200 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді жоспарлап отырмыз. Қазір оның шамамен 80 гектары егілді, – дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Сонымен қатар, Сейілбек Нұрымбетов егіншілер тұқым және минералды тыңайтқышпен қамтамасыз етілген. Қажет техникалар да толық дайын. Қазір олар егіс алқаптарында.

Бұған қоса, мемлекеттік қолдаудың арқасында соңғы 5 жыл ішінде 1049 жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Оған 25,5 миллиард теңге жұмсалды. Осылайша машина-трактор паркі 23,7 пайызға жаңарды. Осы жылы да өңірдегі шаруашылықтар "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның Қызылорда облысындағы филиалы арқылы 5 миллиард теңгеге техникалар сатып алғысы келеді, – деді Сейілбек Нұрымбетов.

Көктемгі дала жұмыстары кезінде шаруа қожалықтарын мазалайтын мәселенің бірі – жанар-жағармай. Бірақ бұл облыста оңтайлы шешіліп отыр. Яғни аймаққа 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. Өткен айда шаруашылықтарға 3250 тоннасы жеткізіліп берілді. Осы сәуірге бөлінген 4615 тонна дизель отынының қаражаты аударылып, шаруашылықтарға таратылуда.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дизель отынын арзандатып беру туралы тапсырмасы бар. Соған сәйкес, дизель отынының әр литрі 162 теңгеден болып отыр, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Ал диқандардың ең басты мәселесі – су тапшылығы. Сейілбек Нұрымбетовтің есебінше, биыл аймақтағы егін алқаптарын тұрақты суаруға 4,2 миллиард текше метр су қажет.

Қазіpгі таңда Шаpдаpа, Көксаpай су қоймалаpында 7 миллиард текше метp сy бар. Мұны былтырғы осы уақытпен салыстырсақ, 0,2 миллиард текше метрге кем. Сондықтан су мәселесіне қатысты зерделеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ал қазіргі кезде барлық ауданда және Қызылорда қаласында су шаруашылығы нысандарын дайындау жұмысы жоспарқа сай жүріп, өңірдегі каналдар арқылы секундына 162 текше метр су алынып жатыр. Сондай-ақ, 2020 жылдың егісі үшін шаpyашылық қypылымдаpына сy жеткізіп беpy қызметі үшін Су шаpyашылығы мекемесiмен келісім-шаpтқа отыру жұмыстаpы жүргізілуде. Бүгінге облыс бойынша 986,8 миллион текше метр су алуға 191 шарyашылықпен сy жеткізіп беpу қызметі үшін келісім-шарт жасалды, – дейді Сейілбек Нұpымбетов.

Төтенше жағдайға байналысты қойылған облыстағы блок-бекеттерден азық-түлік және медициналық заттар тасымалдаушы көліктермен қатар ауыл шаруашылық техникалары да кедергісіз өтуде.

 


Өзгелердің жаңалығы