Қытайдан келген медицина мамандары Алматы дәрігерлерімен кездесті

20 Сәуір 2020, 14:42
1512
Бөлісу:
Қытайдан келген медицина мамандары Алматы дәрігерлерімен кездесті

Алматы, BAQ.KZ. Өткен аптада Қазақстанға келген ҚХР медицина мамандары Алматыдағы әріптестерімен кездесіп, коронавируспен күрестегі тәжірибелірімен бөлісті. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Делегация құрамында ҚХР-дан келген 10 пульмонология, эпидемиология саласындағы жетекші мамандар, қоғамдық денсаулық сақтау сарапшылары бар. Дәрігерлер Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларындағы әріптестерімен өткен кездесудегідей, Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен, С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессор-оқытушылар құрамымен онлайн форматта кеңес өткізді. 

Еліміз бойынша ең көп коронавирус инфекциясын жұқтырғандар Алматыда анықталған - 535 адам. Мегаполисте инфекция анықталған алғашқы жағдайдан бастап 85 адам сауығып шыққан. 

ҚХР дәрігерлері Алматы дәрігерлерінің COVID-19-ға қарсы күресте қабылдап жатқан шараларын жоғары бағалады және диагностика, емдеу және ұйымдастыру тұрғысынан жұмыстың қай тұсын күшейту қажет екені туралы ұсыныстарын айтты.
Өзгелердің жаңалығы