Алматыда еріктілер маска таратты

20 Сәуір 2020, 09:34
1370
Бөлісу:
Алматыда еріктілер маска таратты

Алматы, BAQ.KZ. Нұр-Мүбарак университеті тегін маскалар таратты. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Мүбарак университетіндегі "Білім-Қазына" қоғамдық қорының қолдауымен Тәрбие істері және әлеуметтік даму департаментінің маманы Гульвира Заурбекова "Шебер" тігін үйірмесінің ерікті қыздарымен бірге маска тігу жұмыстарын жүзеге асыруда. Қазіргі таңда үйірме еріктілері екі күннің ішінде 200-ге жуық маска тігіп шықты. Оның 100-ге жуығын Нұр-Мүбарак университетінің қызметкерлері арасында тегін таратып үлгерді, - делінген хабарламада.

Тігіншілер халықты коронавирус індетімен бірге күресуге шақыра отырып, маска тігу жұмыстары әрі қарай жалғаса беретіндігін мәлімдеді.
Өзгелердің жаңалығы