20 сәуірге арналған ауа райы болжамы

20 Сәуір 2020, 08:43
1108
Бөлісу:
20 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Респулика аумағының басым бөлігіне әлі де антициклон әсер етеді. Осыған байланысты ауа райы ашық болады. Тек солтүстік-батыста ауа ағынының әсерінен кей жерлерде жаңбыр жаууы ықтимал. Сондай-ақ кей жерлерде жел күшейіп, найзағай жарқылдап, тұман түседі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында найзағай ойнап, тұман түседі, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 18 м/с жетуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай күтіледі, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түсуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы