Жаңа науқастардың басым бөлігі ауру жұқтырғандармен байланыста болған

20 Сәуір 2020, 13:24
1620
Бөлісу:
Жаңа науқастардың басым бөлігі ауру жұқтырғандармен байланыста болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысы- 1 жағдай (23:10, 19 сәуір). Науқас 1994 жылғы СҚО, Мамлют ауданының тұрғыны. СҚО Мамлют ауданына Тюменьнен 15 наурызда келген. КВИ-ға алғашқы тексеру нәтижесі теріс болып шыққан. 18 сәуірде дене қызуының жоғарылауына, бас ауруына шағымданып, провизорлық стационарға ауыстырылды. Диагноз расталды.

Қызылорда облысы - 1 жағдай (23:10, 19-сәуір). Науқас - 82 жастағы Шиелі ауданының тұрғыны. Карантиндік стационарда, КВИ жұқтырғандармен байланыста болған.

Шымкент қаласы - 5 жағдай (23:10, 19-сәуір). Бұл - 1963, 1967, 1985, 1989, 1994 жылғы науқастар. Байланыста болғандар арасынан анықталды. Карантиндік стационарда болған.

Батыс Қазақстан облысы - 1 жағдай (09:25, 20-сәуір). 58 жастағы науқас - Орал қаласының тұрғыны. Ол бұрын коронавирусты инфекциямен ауырған адаммен байланыста болған.

Павлодар облысы - 4 жағдай (09:25, 20-сәуір). Екеуі - 50 жастағы әйел мен 11 жастағы бала Павлодар қаласының тұрғыны. Екеуі - 48 жастағы әйел мен 10 жасар бала Екібастұз қаласының тұрғындары. Үш пациент бұрын КВИ жұқтырғандармен байланыста болған. 1972 жылы туған әйел провизорлық бөлімшеге пневмония диагнозымен түсті. 

Қостанай облысы - 4 жағдай (09:25, 20-сәуір). Барлық жағдайлар Жітіқара қаласында анықталды. Төрт азаматтың екеуі (1972 және 1993 ж.т.) бұрын КВИ жұқтырған науқастардың көршісі екені анықталды. Қалған екеуі (1975 және 1998 ж. т.) бұрын анықталған науқастармен байланыста болған.


Өзгелердің жаңалығы