Ресейде бір тәулікте 4268 науқас тіркелді

20 Сәуір 2020, 18:47
1412
Бөлісу:
Ресейде бір тәулікте 4268 науқас тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы елде коронавирустық инфекция 47 мыңнан астам адамда анықталды.

Өткен тәулікте Ресейдің 76 өңірінен 4268 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Оның 1 935-інен (45,3%) ауру  белсенді түрде анықталған және аурудың клиникалық белгілері болған жоқ. Ал, 155 адам жазылып шыққан. Бұл туралы ru.euronews.com хабарлады.

Жалпы елде коронавирустық инфекция 47 мыңнан астам адамда анықталды: Мәскеу (26350), Мәскеу облысы (5241) және Петербургте (1846) індеп жұқтырғандар ең көп тіркелген.

Ресейде бүгінге дейін коронавирустан 405 адам көз жұмды, 3450-ге жуық адам сауығып шықты.

Өзгелердің жаңалығы