Қайтыс болған екі адамның да денсаулықтары аса ауыр халде болған

20 Сәуір 2020, 10:04
1391
Бөлісу:
Қайтыс болған екі адамның да денсаулықтары аса ауыр халде болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Алматыда қайтыс болған 2 адам туралы айтты.

Дүниеден өткен бұл екі адам да денсаулықтары аса ауыр халде болған.

Оның біреуі 1958 жылы туған ер адам. Пациенттің бұл инфекциядан басқа жіті бүлінген панкреатиті, ауыр дәрежелі қан аздық, артериалдық гипертония деген сияқты қосымша аурулары болған. Жүрек қызметі тоқтау себебінен көз жұмды.

Екіншісі 1931 жылы туған әйел, ол сондай-ақ жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия сияқты қосымша диагноздармен ауыр жай-күйде болған.

Өзгелердің жаңалығы