Індет жұқтырған тағы 22 адам тіркелді

20 Сәуір 2020, 12:40
1730
Бөлісу:
Індет жұқтырған тағы 22 адам тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 жағдай тіркелді, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.

Індет жұқтырғандар Қостанай облысында - 1, Нұр-Сұлтанда - 2,  Алматыда - 10, Шымкентте - 9 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 383 адам, Алматы қаласында – 535 адам, Қарағанды облысында - 93 адам, Ақмола облысында - 82 адам, Атырау облысында - 80 адам, Жамбыл облысында - 61 адам, Шымкент қаласында - 80 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 44 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 30 адам, Маңғыстау облысында - 12 адам, Қызылорда облысында - 149 адам, Батыс Қазақстан облысында - 63 адам, Түркістан облысында - 60 адам, Қостанай облысында - 20 адам, жалпы 1757 науқас тіркелді.



Өзгелердің жаңалығы