Все новости за 12 қазан 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
«Дипломмен ауылға». 370-тен астам маманға тұрғын үй несиесі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауылдық жерлердегі маман тапшылығын жойып, елді-мекендердің әлеуетін арттыруға бағытталған «Дипломмен ауылға» жобасының жыл өткен сайын маңыздылығы артып келеді.
-
Қазақстандық оқушы халықаралық олимпиада жүлдегері атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Рамазан Кернебай түрлі елдерден жиналған 400 өкілдің ішіндегі ең үздіктерінің бірі болды. Карантиндік шектеулер үшін Әзірбайжандағы олимпиада онлайн режимінде өтті.
-
Біздің міндетіміз - халыққа сапалы медициналық көмек көрсету - Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс аптасын кезекті рет Тараз қаласын аралаудан бастап, құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
-
Атырауда карантин режимі күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері облыста карантиндік шараларды күшейту туралы Қаулы қабылдады.
-
Алматы облысында 50-ден астам сервистік-дайындау орталығы бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 7 бағытта 51 сервистік-дайындау орталығы құрылып, оларға 1200-ден астам ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, қаржылық лизингімен берілген.
-
Әкелі-балалы алаяқтар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әкесі мен баласы Жамбыл облысындағы 10 кәсіпорынды алдаған.
-
Атырауда өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы ТЖД қызметкерлері жүргізген барлау жұмыстары барысында 7 жану ошағы табылды. Қабылданған шаралардың арқасында алдын ала 1 гектар алаңда үш ошақ сөндірілді.
-
Министр: Лауазымды тұлғаның мансабы оның жеке тәртібіне ғана байланысты емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінде аппараттық кеңес өтті. Кеңестің негізгі тақырыбы кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуы барысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау болды.
-
Діни бостандық мәселесі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М. Әзілханов «LYNC» үкіметтік емес ұйымының президенті У. Кьюсакпен және Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығының төрағасы А. Клюшевпен кездесті.
-
Ақтөбеде жол құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында республикалық және жергілікті маңызы бар автожол жобаларын жүзеге асыру жалғасуда. Биыл аталған өңірде жұмыстардың барлық түрімен 24 нысан қамтылып отыр.
-
Полицейлер Жолдауды халықаралық деңгейде талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Учаскелік полиция инспекторларының қызметін жетілдіру перспективалары» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
-
Ақсулық металлургтер 800 түп ағаш отырғызды
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі Ақсу ферроқорытпа зауытының мамандары қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, 800 түп ағаш отырғызды.
-
Мақтааралда құс тұмауына қарсы вакцина егілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданында 9-қазандағы жағдай бойынша аудандық «Ветеринариялық қызметі» тарапынан 24944 құсқа вакцина егу жұмыстары жасалған. Оның ішінде 17730 тауық, 860 үйрек, 547 қаз және 5807 үндік бар.
-
Шымкентте «HR-Process» жүйесі арқылы 300-ден аса адам жұмысқа орналасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «HR-Process» білім саласының кадрларын іріктеудің автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі арқылы жұмысқа орналасқан педагогтармен кездесті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Елордада газ құю стансаларында шектеу енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың кейбір газ құю стансаларында көгілдір отын тапшылығына байланысты шектеу енгізілді.
-
Қарағанды облысында браконьерлер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының полицейлері браконьерді қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Медицина университеттерінде білім сапасы өте төмен – Бексұлтан Тұтқышев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы директорлар кеңесінің төрағасы, экс-сенатор Бексұлтан Тұтқышев «Желмая» жобасында болашақ дәрігерлерді дайындайтын оқу ордаларының білім беру төмен деңгейде деп отыр.
-
Нұрсұлтан Назарбаев Сауда және интеграция министрін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады.
-
Өртенген сауда орнының кәсіпкерлеріне қолдау көрсетіледі
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде өртеніп кеткен сауда орнының кәсіпкерлеріне қолдау көрсетіледі. Тауары жанып кеткен бизнесмендерге қатысты дағдарысқа қарсы шаралар қолға алынбақ.
-
«Nur Otan» партиясының төрағасы Бауыржан Байбекті қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлады elbasy.kz сайты.
-
Фируза Шарипованың келесі жекпе-жегі қашан өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Фируза Шарипова келесі жекпе-жегінің өтетін күнін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
-
Елордада Құран оқудан үздіктер анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ел астанасында қасиетті Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ІХ Республикалық Құран жарысының Нұр-Сұлтан өкілдігі бойынша іріктеу сайысы өтті.
-
COVID-19: Қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 млн теңгеден өтемақы төленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. КВИ мен пневмониядан қайтыс болған медицина қызметкерінің отбасы түгел әлеуметтік төлем алады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
-
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасында әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісім ратификацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Өмірзақ Шөкеев мақтааралдықтармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас және Фирдауси ауылдарын аралап, қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.
-
#Желмая. Медицина университеттерін бітірген студенттер қайда жүр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы директорлар кеңесінің төрағасы, экс-сенатор Бексұлтан Тұтқышев «Желмая» жобасында қонақта болды.
-
Әйелдердің өнімді арттыруға қосатын үлесі зор – Есімова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова Өңірде шағын орта кәсіпкерлік субъектілерін басқаратын әйелдердің үлесі 45,2%-ды құрайтынын айтты.
-
Алматыға ұшып келген 154 жолаушы оқшауланды
Алматы, BAQ.KZ. ПТР-тестілері жоқ 154 жолаушы Алматы қонақ үйлерінде оқшауланған. Бұл ретте қала әкімдігі алдын ала диагностиканың маңыздылығы туралы еске салды.
-
Қазақстандықтар елімізді жаңа қырынан ашып жатыр – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен онлайн брифингте Алматы облысының туристік кластері қауымдастығының мүшесі, «Жібек Жолы» ЖШС директоры Тимур Дүйсенғалиев айтып берді.
-
Қаржы пирамидасының белгілері қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы министрлігі қаржы пирамидаларына қатысудан сақтандырады. Тек биылдың өзінде қаржы пирамидаларын құрудың осындай 35 фактісі тіркелді.
-
Түркістан облысында қатты жел соғады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» мамандары Түркістан облысында ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жасады.
-
Түркістанда Call-орталығының маманы дәріге қақалған сәбиді құтқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметінің Call-орталығына Сарыағаш ауданынан 1 жасар сәбидің дәрінің үш данасын жұтып, қақалғандығы туралы шақырту түскен.
-
Қазақстан мен БАӘ $6,1 млрд құрайтын инвестициялық жобаны іске асыруға келісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Әбу-Даби қаласына жұмыс сапары аясында Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Премьер-министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансұр бен Заид әл Нахаянмен келіссөз жүргізді.
-
Ұлытау – ұлт ұясы. Хан ордасының дамуы
Ұлытау, BAQ.KZ тілшісі. Ұлытау Қарағанды облысы құрамына кіретін территориясы ауқымды аудан. Оның құрамында 15 ауылдық округ бар. Ауданының орталығы Ұлытау ауылы. Ауданның жалпы халық саны шамамен 12 мың адам. Оның 2600-і аудан орталығының халқын құрайды.
-
ШҚО-да Зейнолла Сәнік атындағы сынып ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Үржар ауданының Жарбұлақ елді мекеніндегі орта мектепте сөз зергері, тарихшы-этнограф Зейнолла Сәнік атындағы сыныптың ашылуы өтті.
-
СҚО-да тағы екі елді мекен карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есіл ауданының Явленка ауылы және Мамлют облысының Мамлютка қаласы карантинге жабылды. Бұл аймақтағы коронавирус салдарынан жабылған екінші және үшінші аудан орталықтары.
-
Алматы полицейлері қаланы «басына көтеретін» көліктерге айыппұл салуда
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 1 300 жүргізушіге автокөліктің шу деңгейін ұлғайтқаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстандық стартап 260 мың доллар инвестицияға ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген қазақстандық Sagi стартабы 260 мың доллар инвестиция тартты. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елімізде киберқауіпсіздік бойынша мамандар қалай дайындалып жатыр?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде киберқауіпсіздік бойынша мамандар қалай дайындалып жатыр? Әскери оқу орындарда қандай ғылыми жобалар бар? Қазіргі заманғы әскери маман қандай болу керек? Осы және басқа да мәселелер жөнінде Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков сұхбат барысында айтып берді.
-
Кедендік баждарды бөлуге арналған мөлшерлес тәсіл қаралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Сенат Бюросының отырысында депутаттар Палатаның алдағы отырысының күн тәртібін талқылады, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
-
Тоқаев Эмомали Рахмонды сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
-
Мамандар коронавирус смартфон бетінде қанша уақыт өмір сүретінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аустралияның медицина орталығының мамандары коронавирус инфекциясы ақша, металл ұстағыштар мен ұялы телефонның бетінде қанша уақыт өмір сүре алатынын айтты. Зерттеу нәтижесі Virology Journal-да жарияланды.
-
Маңғыстау облысында кәсіпкерлікті дамытуға гранттар берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылға арналған бағдарламасы аясында «Бастау бизнес» жобасымен 140 адам оқып, 85 адам грант алды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Бейнеу аудандық филиалының директоры Роллан Ережепов мәлім етті.
-
ЕАЭО бойынша тауар тасымалдаушылар құжаттарды үйден рәсімдей алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу жөніндегі пилоттық жоба 2020 жылғы 1 қарашадан бастап іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
-
Түркістан облысында егін жинау жұмыстары қорытындыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы карантиндік шараларға қарамастан, Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешенінде тұрақты өсім сақталып, көктемгі және күзгі дала жұмыстары өз мерзімінде атқарылды. Егіс көлемі 17 мың га артып, 846 мың га-ға жетті.
-
Шонжыда қираған сауықтыру кешенінің алдын ала себептері белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары іссапармен жіберілді.
-
Өрт қауіпсіздігіне салғырт қарайтын жер үй тұрғындары әлі де көп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігіне салғырт қарайтын тұрғындар әлі де көп. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті.
-
Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазан айының 20-23 күндері «Ортақ түркі тарихының жазылуы» атты Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумы өтеді.
-
Қазақстанда орман және дала өрттерінің саны артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл елімізде дала және орман өрті оқиғаларының саны артқан. . Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті.
-
#ГендерLIKE. Ерлер тарапынан қыздарға қойылатын талап қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Гендерlike» интернет жобасының кезекті шығарылымында жасандылық, тұлғалық ерекшеліктер, қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынас, таптаурындарды бұзу сынды тақырыптар талқыланды. Жоба қонақтары – отандық тележүргізуші Қайырбек Баймырза және психолог Сымбат Әбдірахман.
-
Алматыда карантин тәртібін бұзған 65 нысан анықталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша карантиндік шаралардың сақталуын бақылау мақсатында күшейтілген режимде 26 мониторингтік топ жұмыс істейді, олардың құрамына аудандық әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, "Атамекен" ҰКП өкілдері және аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының мамандары кіреді.
-
Қазақстандықтар 9 айда 13,2 мың алтын құйма сатып алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейінгі кезеңде жалпы ел тұрғындары екінші деңгейлі банктерден және банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 566,3 кг болатын 13 208 өлшеуіш құйманы сатып алды. Қыркүйек айында жалпы салмағы 65,2 кг болатын 1 480 өлшеуіш құйма сатылды.
-
Президент сайлауында Эмомали Рахмон 90,92% дауыс жинады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәжікстанның Сайлау және референдум жөніндегі орталық комиссиясының (СРОК) төрағасы Бахтиер Худоёрзода 11 қазанда өткен президент сайлауының қазіргі нәтижесін жариялады, деп хабарлады Ховар агенттігі.
-
Кентау трансформатор зауытында дәнекерлеуші–роботы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ өндіріс ошағында біруақытта 6 адамныңжұмысын атқара алатын, жапондық Yaskawa Motoman дәнекерлеуші-роботы іске қосылды.
-
Нұр-Сұлтанға келген жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ПТР сынағынан өткені туралы сертификаты жоқ әуе жолаушыларын карантин стационарына жедел жеткізу шараларының арқасында елорданың медицина қызметкерлері тұрғындар арасында инфекцияның таралуын болдырмай, науқасқа уақтылы көмек көрсетті.
-
Алматыда жылыту маусымы басталғалы оннан астам адам уланған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы ТЖД-нің Апат тәуекелдерін төмендету және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Талғат Дүйсебаев онлайн брифинг барысында жеке секторда өртке қарсы қауіпсіздікті бақылауды күшейту қажеттігін айтты.
-
Шөкеев: Жаңа технологияларға міндетті түрде көшуіміз керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының диқандары тікелей себу әдісімен 168 мың га алқапқа күздік астық егуді бастады.
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,8 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 576,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 285,4 млрд теңге бағытталды.
-
Алматыда жүргізуші куәлігіне практикалық емтиханды қай жерде тапсыруға болады?
Алматы, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы алматылықтар екі мамандандырылған ХҚО-да жүргізуші куәлігіне практикалық емтихан тапсыра алатынын мәлімдеді.
-
Биыл 800-ден астам азамат КСРО тұсындағы паспортын жаңасына ауыстырған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде КСРО тұсындағы қызыл паспорттарды Қазақстан құжатына ауыстыру науқаны жүріп жатыр.
-
Азамат Бердібай Қазақстанның Кувейттегі елшісі болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.
-
Үш күнге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, яғни 13-15 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Қазақстанда жүк көліктерін тапсыратындарға ақшалай өтемақы беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 қазаннан бастап ӨКМ Операторы Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің келісімімен ескі көліктерді қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасына өзгеріс енгізілді.
-
Карантин кезінде қарағандылықтар үйлену тойын және жаппай кеш ұйымдастырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыдағы «Фараби» мейрамханасында мобильді топ 100 адамға арналған той банкеті өтіп жатқанын анықтады.
-
Өткен тәулікте 34 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 34 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.
-
Павлодарда сауда үйі өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда үйіндегі өрт түн ортасында болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
-
Із-түзсіз жоғалған 14 жастағы түркістандық қыз Шымкент қаласынан табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласының полиция басқармасына 30-дан асқан жергілікті тұрғын әйел арызданып, 14 жасар қызының із-түссіз жоғалып, табылмай жатқандығын хабарлаған.
-
Футболдан Қазақстан құрамасы көш бастап тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан Ұлттар лигасының үшінші турында Қазақстан құрамасы Алматыда Албания футболшыларымен кездесті.
-
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК-сы қазанның 12-сі күнгі ауа райына болжамын жариялады.
-
61 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 61 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
74 адамнан коронавирус індеті анықталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты Қазақстандағы коронавирус бойынша 11 қазан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдайды жариялады.
Наверх