Діни бостандық мәселесі талқыланды

12 Қазан 2020, 21:58
1846
Бөлісу:
Діни бостандық мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М. Әзілханов «LYNC» үкіметтік емес ұйымының президенті У. Кьюсакпен және Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығының төрағасы А. Клюшевпен кездесті.

Кездесу барысында М. Әзілханов Министрлік «LYNС» ҮЕҰ (АҚШ) мен ҚДБҚ-на Қазақстанда діни сенім бостандығын ілгерілету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруда көмек көрсеткенін және көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол Қазақстан конфессияаралық келісім мен діни сенім бостандығы саласында Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтіп, одан әрі жемісті ынтымақтастық пен өзара түсіністікке сенім білдірді.

Кездесуге қатысушылар діни бостандық және конфессияаралық диалог орнату мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстелдер сериясын өткізуге дайындық мәселелерін талқылады.

Өзгелердің жаңалығы