Біздің міндетіміз - халыққа сапалы медициналық көмек көрсету - Сапарбаев

12 Қазан 2020, 23:23
1313
Бөлісу:
Біздің міндетіміз - халыққа сапалы медициналық көмек көрсету - Сапарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс аптасын кезекті рет Тараз қаласын аралаудан бастап, құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

«АСАР» сауықтыру-оңалту кешені мамыр тоғайының аумағындағы ғимаратқа көшуде. Қазір ескі ғимаратта қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Кешеннің басты міндеті – балаларды ғана емес, ересектерді де қоғамдағы толыққанды өмірге дайындау. Жаңа ғимарат барлық санаттағы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолайлы әрі жайлы болы тиіс, - деді аймақ басшысы.

Кешенде релаксацияға арналған бөлмелер, емдік денешынықтыру, логопед, психолог, әлеуметтанушы кабинеттері болады. Сондай-ақ, жеке кабинетте Инватакси диспетчерлік бөлмесі ашылады.

Демеушіліктің арқасында біз өз ғимаратымызды сатып алуға мүмкіндігіне ие болдық. Біз сондай-ақ қолдау көрсеткені үшін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Ол құрылыс пен жөндеу жұмыстарының барысын жеке өзі қадағалауда, - деді «АСАР» сауықтыру-оңалту кешенінің директорының орынбасары Әйгерім Дәулетбаева.

Кешенде мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істей алатын жеті шеберхана ашу жоспарлануда. Ғимараттың жанында аквапарк салынуда.

Мүгедектерді оңалту, оқыту, жұмыспен қамтуды қамтитын жүйелі жұмыстар жолға қою керек, - деп атап өтті аймақ басшысы. Кешен басшылығы болашақта күндізгі стационар қызметтерін ғана емес, тәулік бойғы стационарлық көмек көрсетуді де жоспарлап отыр. Ал, қаладағы «ARAI-ELITE» жеке элиталық мектеп-гимназиясының құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталған. Нысан жақында пайдалануға беріледі, соңғы жұмыстары жүргізілуде.

«ARAI-ELITE» - аймақтағы алғашқы ақысыз білім беретін жеке меншік мектеп. Төрт қабатты ғимарат 1025 оқушыға арналған. 40 кабинет, компьютерлік сынып, химия, физика және биология зертханалары, акт залы, асхана бар. Сондай-ақ, футбол және баскетбол алаңдары салынбақ.

Сонымен қатар, облыс әкімі барған келесі нысан – «ARAI» медициналық орталығын қалпына келтіру жұмыстары да аяқталуға таяу. Бас дәрігер Айдарбек Әбдіғалиевтің айтуынша, медициналық орталықтың бір бөлігі қалыпты режимде жұмыс істеуде. 

Бірінші қабатта емхана, екінші және үшінші қабаттарда аурухана орналасады. Қазір палаталарда бес-алты науқас жатыр, болашақта бір палатада екі-төрт адам болады. Медициналық орталық заманауи жабдықтармен жабдықталуда. Жақында цифрлы рентген аппаратын сатып алдық, - дейді ол.

Бердібек Сапарбаев «ARAI» үлгілі медициналық орталыққа айналуы керектігін атап өтті.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әсет Қалиевке жеке емханалардың қызметін тексеріп, олардың өз міндеттемелерін қалай орындап жатқандығын анықтауға тапсырма берді.

«ARAI» медициналық орталығының қызметкерлері аянбай еңбек етіп, басқа жеке клиникаларға үлгі болуы қажет. Біздің басты міндетіміз - халыққа сапалы медициналық көмек көрсету, - деді Бердібек Сапарбаев.
Өзгелердің жаңалығы