Қазақстанда орман және дала өрттерінің саны артқан

12 Қазан 2020, 13:08
2015
Бөлісу:
Қазақстанда орман және дала өрттерінің саны артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл елімізде дала және орман өрті оқиғаларының саны артқан. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті.


Оның айтуынша, биыл дала өрттерінің саны өткен жылғымен салыстырғанда екі есеге, орман өрті 20 пайызға өсті. Оған аптап ыстық пен әдеттегідей адамдардың салғырттығы себеп болған. 50 гектарға жуық алқапты шарпыған дала өрті Батыс Қазақстан облысында, ең үлкен орман өрттері Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында тіркелді.
Өрттің алдын алу мен сөндіру жұмыстары жөнінде Орман шаруашылығы комитетімен бірлескен іс шаралар жоспары жасалды. Биылғы көрсеткіш әлі де жұмыстардың жеткілікті деңгейде атқарылмай отырғанын көрсетті. Комитетке материалдық жағдайды жақсарту, бізге жеделдікті арттыру қажет болып тұр, - деді ол.

Оның айтуынша, өрт сөндірушілер тәуілігіне орташа алғанда 100-150 өрт ошағын сөндіруге барады. Оның басым бөлігі әлі де тұрғын үй секторында орын алуда. Соңғы тоғыз айда елімізде 9 мыңнан астам өрт оқиғасы тіркелді. 217 адам жарақат алып, 228 адам қаза тапты.

Өзгелердің жаңалығы