Нұрсұлтан Назарбаев Сауда және интеграция министрін қабылдады

12 Қазан 2020, 19:55
1674
Бөлісу:
Нұрсұлтан Назарбаев Сауда және интеграция министрін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне сауда жүйесін трансформациялау және одан әрі дамыту жөніндегі ведомство қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді.

Бақыт Сұлтановтың мәліметіне сәйкес, Сауда және интеграция министрлігі тиімді көпформатты сауда-логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру бағытында жұмыс атқарып келеді. Оның құрамына Ұлттық тауар өткізу жүйесі мен өңірлік хабтар – «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы және «Еуразия» сауда-индустриялық орталығы кіреді.

Сонымен қатар министр Еуразиялық экономикалық одақта сауданы жүйеге келтіру және 16 кедергіні жою бойынша жүргізілген жұмыстар туралы баяндады.

Өзгелердің жаңалығы