Қазақстандық оқушы халықаралық олимпиада жүлдегері атанды

12 Қазан 2020, 23:37
1813
Бөлісу:
Қазақстандық оқушы халықаралық олимпиада жүлдегері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Рамазан Кернебай түрлі елдерден жиналған 400 өкілдің ішіндегі ең үздіктерінің бірі болды. Карантиндік шектеулер үшін Әзірбайжандағы олимпиада онлайн режимінде өтті.

Сайыс екі кезеңнен құралды. Біріншісінде информатика есептерін шешу қажет болды, екіншісі логика жаттығуларына арналды.

Олимпиада кезінде ешқандай жеңілдік болған жоқ, - дейді Рамазан. - Жан жағымыздан камерамен түсіріп отырды. Әр кезеңге төрт сағаттан берілді. Маған жеңіске жетуіме көмектескен және қолдау көрсеткен мұғалімдерге үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Рамазан Кернебай 9-сыныпта оқиды. Ол көптеген халықаралық байқаулардың жүлдегері. Қазір жасөспірім екі олимпиадаға дайындалуда - халықаралық және республикалық.

Биыл Нұрмақов атындағы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері 70 олимпиадаға қатысты, оның 40-ы халықаралық деңгейде өтті. Оқу ордасы ЮНЕСКО құрамына кіреді. Бұл оның оқушыларына түрлі халықаралық жарыстарда өз күштерін сынап көруге және олимпиадаларға қатысуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы