Медицина университеттерінде білім сапасы өте төмен – Бексұлтан Тұтқышев

12 Қазан 2020, 20:01
1425
Бөлісу:
Медицина университеттерінде білім сапасы өте төмен – Бексұлтан Тұтқышев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы директорлар кеңесінің төрағасы, экс-сенатор Бексұлтан Тұтқышев «Желмая» жобасында болашақ дәрігерлерді дайындайтын оқу ордаларының білім беруі төмен деңгейде деп отыр.

Медицина мамандықтарына түсетіндердің көптігінің себебі, мемлекеттік грант көп бөлінеді. Сондықтан таңдайтындар жетерлік. Бірақ саны мен сапасын көру керек. Кезінде біздің жолымыз болды. Қарағанды медицина университетінде тәлім бергендер мықты еді. Өйткені Кеңес одағы тұсында еврейлердің көбісін біздің жаққа депортациялады. Солардың арасында профессорлары дәріс оқып, үйретті. Ол ұстаздардың көбісі өмірден өтті, зейнетке шықты. Қазіргі оқытушыларды олармен салыстыруға келмейді. Мамандар азайды, - дейді Бексұлтан Тұтқышев

Жылына медицина университеттері мен колледжерді кемі 2-3 мың студент бітіреді. Олардың бәрі қайда жүр? Бұған медицина саласының білікті маманының пікірі мынандай.

Қазір Президент неліктен медицина қызметкерлерінің жалақысын көтереміз деп жатыр? Мысалы, менің қызым Алматыда, елордада оқыды. Кардиохирургия орталығында жұмыс істеді. Сонда 10 жыл істеп, бірінші категориядағы маманға төленетін жалақы 85 мың теңге болатын. Көше сыпырушылардың жалақысы да сол 80 мың. Жалақының төмендігі, жұмыстың қиындығына шыдамайды. Сосын фарм-компанияларға барып солардың өкілі болып қызмет атқарады. Ол жақтарда айлық 1000 доллардан басталады. Нуқастармен басты қатырып жүргенше, ең тынышы сол емес пе? Сосын ешкім ауруханаға барғысы келмейді. Бірінші мәселе, жалақы, екінші медицина университеттеріндегі білім деңгейі төмен. Шындығы осы, - дейді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы директорлар кеңесінің төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы