Өткен тәулікте 34 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан

12 Қазан 2020, 09:48
974
Бөлісу:
Өткен тәулікте 34 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 34 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. 

Оған қоса 23 адам емделіп шықты. 

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 34 909, 368 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 699 жетті. 

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 022 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 72 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 030 науқас жатыр. 992 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 84 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Өткен тәулікте 34 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан

Өзгелердің жаңалығы