Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

12 Қазан 2020, 09:03
1345
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК-сы қазанның 12-сі күнгі ауа райына болжамын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігі әліде антициклонның ықпалында болғандықтан, қазанның 12-сі күні күн жауын-шашынсыз болады. 

Тек Қазақстанның солтүстігі, орталығын және шығысының кей жерінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 

Республиканың кей жерінде жел күшейіп, шығысында тұман, жолдарында көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл көтеріледі. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Түнде кей жерінде тұман, жолдарында көктайғақ болады. 

Павлодар облысының кей жерінде тұман түседі. Түркістан, Маңғыстау, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады. 

Алматы, Жамбыл, Түркістан, облыстарының кей жерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Өзгелердің жаңалығы