Азамат Бердібай Қазақстанның Кувейттегі елшісі болып тағайындалды

12 Қазан 2020, 10:46
1930
Бөлісу:
Азамат  Бердібай Қазақстанның Кувейттегі елшісі болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы