Все новости за 15 мамыр 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
БҚО: 5142 түлектің 4366-сы ҰБТ тапсырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, маусым айында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер ағымдағы жылдың 15 сәуірі мен 10 мамыры аралығында онлайн қабылданды.
-
Қазақстан азаматы Украинаның ұлттық мұнай компаниясында бөлім басшысы болды
Бұрын С.С. Жәркешов Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, "Қазгеология" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болған.
-
Елордадағы балабақшалардың жұмысы қашан басталатыны айтылды
Нұр-Сұлтанның мектепке дейінгі ұйымдары, ең алдымен, баласын үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ жұмыс істейтін ата-аналар үшін жұмысқа кіріседі.
-
Коронавируспен күрес. Қытай ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне көмек жіберді
Нұр-сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетіне қарсы күреске қолдау білдіре отырып, ҚХР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қайтарымсыз көмек көрсетті.
-
Індет жұқтыруға жол берген әскерилер қызметінен қуылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы Күштерде "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің бірінде орын алған әскери қызметшілердің ауруының фактісі бойынша тергеу аяқталды.
-
Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстан тарапының бастамасы бойынша ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ауғанстан Ислам Республикасы Сыртқы істер министрі Мохаммад Ханиф Атмармен телефон арқылы сөйлесті.
-
Қолдану уақыты біткен қаруды пайдалану мерзімі ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда рұқсаты өткен қаруды сақтауға және алып жүруге мерзімді 10 шілдеге дейін ұзартуға болады.
-
Білім беру жүйесі экономиканы кадрмен қамтамасыз етуі керек - Бабақұмаров
Ержан Бабақұмаров мемлекеттік білім беру тапсырысының тізіміне жақын болашақта өзекті болмайтын мамандықтарды енгізуді сынға алды, құрылымдық қайта құруды және қала экономикасын әртараптандырудың басым бағыттарын ескере отырып, еңбек нарығының қажеттілігіне мұқият талдау жүргізуді тапсырды.
-
Сапарбаев: Баланы рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше назар аудару қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қордай ауданында жергілікті тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған жалпы сомасы 20 млрд. теңгеден асатын 387 жоба іске асырылуда.
-
Үш жылда 46 бала терезеден құлаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаз күндері басталысымен балалардың терезеден құлау фактілері жиілеп кетті.
-
"Нұрлы жер". Қарағанды облысында 5100 тұрғын үй салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 509 мың шаршы метр немесе 5100 тұрғын үй салу міндеті тұр.
-
Тоқаев Досаевты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Тағы 68 адам жазылды. Сауыққандар саны 2700-ден асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 68 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Биыл елімізде 5,7 мың шақырым жол ақылы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда жалпы ұзындығы 682 шақырымды құрайтын 4 ақылы жол учаскесі бар. Төлем алу пункттеріне Франция, АҚШ және Ресейде жасалған терминалдар орнатылған.
-
Төлебидегі селден 71 адам қауіпсіз жерге көшірілген
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Кеше Түркістан облысы, Төлеби ауданында толассыз жауған нөсердің әсерінен Сұлтан Рабат пен Елтай ауылын селдің суы алып кетті.
-
ХҚО мамандары зейнеткерлердің жеке куәліктін үйлеріне барып рәсімдеп беруде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай мерзімінде 9 мыңнан астам қызылордалықтардың жеке куәлік мерзімі өтіп кеткен. Осыған орай, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы көші-қон басқармасы және облыстық білім басқармасымен бірлесіп игі бастаманы қолға алды.
-
Мемлекеттік қызметке орналасу ережелеріне өзгерістер енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Фейсбуктегі парақшасында мемлекеттік қызметке орналасу ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат берді.
-
ШҚО-да жергілікті маңызы бар 25 жол жөндеуден өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы өңірде автомобиль жолдары саласындағы 25 жоба аясында облыстық және аудандық жолдар, сондай-ақ елді мекендерге кіретін жолдар орташа жөндеуден өтеді.
-
Мақтааралда су деңгейі төмендеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданындағы су басқан Жеңіс, Нұрлыжол, Жаңатұрмыс, Фирдауси, Өргебас және Достық елді мекендері аумағынан бүгінде 8767м3 су шығарылды.
-
Ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу мәселесін талқылайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18-19 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы өтеді, оған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов қатысады, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
-
Жаңа босанған әйел коронавирустан жазылып шықты
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда коронавирус инфекция расталған 30 жастағы әйел сауығып, емдеуден шығарылды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
-
Биыл Шымкентте екі мыңға жуық жұп отбасын құрған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында жыл санап отбасын құрған жұптар саны артып келеді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Асқар Мамин ШҚО-дағы көктемгі егіс жұмысының барысын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысының көктемгі егіс жұмыстары мен энергетика, өнеркәсіп, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым салаларындағы ірі жобаларды іске асыру барысын тексерді.
-
Карантин кезінде көліктер шығаратын улы заттар 60 есе азайған
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі ТЖ және карантин кезінде қала экологиясы нағұрлым жақсарғанын мәлімдеді.
-
Қыдырәлі Болманов "шегіртке" дегенге жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Желмая" жобасында қонақта болған әнші, продюсер, "Қазақстан Жастар одағы" сыйлығының, "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері, ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Қыдырәлі Болманов сұхбатын әншілердің жаппай лотерея ойнатуына қатысты бастады.
-
Смартфондағы ЭЦҚ-ны пайдалану әлдеқайда ыңғайлы – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі eGov порталынан қызметтерді алуда QR-код енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Қазақстанда сұранысқа ие университеттер анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі Қазақстан жоғары оқу орындарына сұраныстың ұлттық рейтингін жариялады.
-
Алматыда 62 індет ошағы сақталып отыр
Алматы, BAQ.KZ. 15 мамырдағы жағдай бойынша Алматы аумағында коронавирус инфекциясының 62 ошағы тіркелген.
-
Ресейде коронавирусты екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелді
Алматы, BAQ.KZ. Ресейде коронавируспен ауырған адамның инфекцияны екінші қайтара жұқтыру жағдайы тіркелді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
-
COVID-19: Бір күнде 81 адам емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 81 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарланды coronavirus2020.kz сайтында.
-
Карантин: Мемлекеттік шекарадан өту тәртібі белгіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 2020 жылғы 11 мамырдан бастап карантиндік шектеулер кезеңіндегі өту тәртібін белгіледі.
-
Елді "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте істеймін" деп алдаған алаяқ ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Түркістан облысында елді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекемесінің қызметкерімін деп алдап келген азамат ұсталды. Аталған тұлға алаяқтық жасау дерегі бойынша күдікке ілінді.
-
Карантин: Елордадан кіріп-шығуға кімдерге рұқсат берілді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы санитариялық блокпосттар жұмысының жаңа алгоритмі 13 мамырдан бастап күшіне енді.
-
Қадір түнін мешітте қарсы алуға бола ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қадір түнін мешітте қарсы алуға рұқсат жоқ. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты.
-
ШҚО-ның 18 су айдынында балық аулауға тыйым салынған
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде көктeмгi yылдырық шaшy мaycымынa бaйлaныcты қoйылғaн шeктeyлeрдi тыңдaмaй, бaлық ayлaғaн aдaмдaр жayaпкeршiлiккe тaртылды.
-
Мешітте 15 минуттан артық отыруға болмайды – бас мүфти
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 18 мамырдан бастап мешіттерде құлшылық жасауға рұқсат берілді. Бірақ ұзақ отыруға болмайды. Бұл туралы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты.
-
Алматыда жерасты өткелінде қыз зорлаған қаскөй ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда осыдан бір ай бұрын қызды жерасты өткелінде зорлаған адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
-
Алматыда ХҚКО жұмыс істеп жатқан жоқ
Алматы, BAQ.KZ. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы әлі басталмағанын мәлімдеді.
-
2025 жылға қарай Павлодарда сапалы жол көрсеткіші 95%-ға жетеді
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі жақсы жағдайдағы жолдардың көлемін арттыру көзделген. 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 95%-ға жетеді деп күтілуде.
-
Сенатқа заң жобасы қатесіз берілді – министрлік
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Кеше Сенат отырысында "Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі" туралы заңның қазақша нұсқасында ғылыми-лингвистикалық 422 қате анықталғаны айтылды. Осы мәселе бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне және Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегеновке хабарласып, мұндай жағдайдың орын алуына не себеп болғанын сұрап білген едік.
-
Сарапшы: Бір ғана макроэкономикалық саясат экономикалық өсім деңгейін жылдамдата алмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы сарапшы, Париж саяси ғылымдар мектебінің профессоры Сергей Гуриев онлайн кездесу барысында айтты.
-
COVID-19: Елордада көз жұмған науқас 10 күн бойы өздігінен емделген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 13 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирус инфекциясынан екі адам көз жұмды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы Сәуле Қисықова онлайн баспасөз конференция барысында айтты.
-
Алматы облысында науқастар саны 191-ге жетті
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысы Панфилов ауданында коронавирус жұқтырған бір адам тіркелді. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстан макроэкономикалық саясаттың қай бағыттарына күш салуы керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) "WhiteshieldPartners" Консалтингтік компаниясымен бірлесіп макроэкономикалық жүйе (монетарлық және фискалдық саясат) бойынша талдамалық зерттеу нәтижелеріне қатысты онлайн пікір-талас өткізген болатын.
-
Facebook-те жаңа функция пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Facebook әлеуметтік желісінде Messenger Rooms топтық бейнеқоңыраулар сервисі іске қосылды, деп хабарлайды РИА Новости.
-
Алматы ауруханасына 13,5 млн теңгенің құрал-жабдығы сыйға тартылды
Алматы, BAQ.KZ. Демеушілер Алматы жұқпалы аурулар ауруханасына 13,5 млн теңге сомасына медициналық құрал-жабдықтарды сыйға тартты. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
-
Жайылымнан мал ұрлап жүргендер полиция қолына түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері жайылымнан сиыр ұрлаумен айналысқан жас жігіттерді ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Елтайда су тасқынынан қатты зақымданған үйлер жоқ – Шымкент әкімдігі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен табиғи апаттың салдарын жою және алдын-алу жұмыстары бойынша жиын болып өтті.
-
27 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 адам коронавирус індетінен жазылып шықты, деп жазды coronavirus2020.kz сайты.
-
Танымал қазақстандық адвокат әйелінің коронавирус жұқтырғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 мамырда белгілі қазақстандық адвокат Джохар Өтебеков әйелі коронавируспен ауырғанын мәлімдеді.
-
Алматыда Отбасы күніне орай тегін тестілеу өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімдігі "Зор Рух" қайырымдылық қорымен бірлесіп, Халықаралық отбасы күнін мерекелеу аясында қазақстандықтар үшін онлайн режимде бірқатар іс-шараларды іске қосты.
-
Алдағы демалыс күндері жаңбырлы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы 16-18 мамыр күндері фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
-
Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Қазақстан халқының саны 292 704 адамға ұлғайып, жыл соңында 19 189 022 адамды құрайтын болады, деп хабарлады countrymeters.info.
-
Қостанай облысында 18 мамырдан бастап карантин режимі жеңілдетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті.
-
Аймағамбетов: Қашықтан оқыту – мәжбүрлі шара
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Дәстүрлі күндізгі мектептер үшін" петициясына қатысты өзінің Facebook-тегі парақшасында пікір білдірді.
-
Елімізде экологиялық қоғам дамып келе жатыр – вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында жаңа экологиялық кодекс жобасы туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов айтып берді.
-
#Желмая. Болманов: Алланың емес, хайптың құлы болып барамыз
"Желмаяның" бүгінгі қонағы – әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов.
-
"Қазақстанды" қарызға батырып кеткен кім?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ірі көлемдегі ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен "Қазақстан" шипажайының бұрынғы басшысы ұсталды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
-
Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
-
Экологияға байланысты сұрақтар әр кез маңызды – вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында жаңа Экологиялық кодекс жобасы туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов айтып берді.
-
Павлодар облысында 33 шомылу орны ашылады
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жазда Ертіс өңірінде 33 шомылу орны ашылады. Олардың 17-сі - мемлекеттік, қалғаны - жекеменшік жағажайлар.
-
Ғалымдар: Коронавирус адамның өкпесіне ғана шабуылдамайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гамбург университеті UKE клиникасының мамандары бүйрек, жүрек, бауыр және бас миынан SARS-CoV-2 бөлшектерін тапты.
-
Өткен тәулікте 118 адамнан коронавирус анықталып, екі адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте 118 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
-
Елорданың ЖОО оқу ақысын төлей алмай отырған студенттерге жеңілдік жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты басқармасы карантин кезінде ЖОО оқу ақысын төлей алмай отырған студенттердің мәселесін шешуге көмектесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Павлодар облысының емдеу мекемелері штатты жұмыс режиміне кірісуде
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің денсаулық сақтау ұйымдары науқастарды қайта қабылдап жатыр. Әзірге жұмыс уақыты бойынша шектеу бар, себебі, карантин режимі толық шешілген жоқ.
-
30 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты төлемдер алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер алды.
-
Отбасында халықтың рухани және мәдени дәстүрлері сақталады – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Халықаралық Отбасы күнімен құттықтады.
-
Павлодар облысында тұрғын үй жылдағыдан 10 есеге көп салынады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде тұрғын үй құрылысының жылдағы көрсеткіштері 10 есеге артпақ. Нәтижесінде кезекте тұрған азаматтар баспаналы болмақ.
-
15 мамыр - Халықаралық отбасы күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын бүкіл әлемде 15 мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі.
-
Коммуналдық қызметтерді өтеуге өтінім беруге арналған бот іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында, Түркістан облысында коммуналдық қызметтер үшін төлемдер өтелетін болады.
-
Алматыда нөсер жауыннан көшелерді су басып, ағаштар құлады
Алматы, BAQ.KZ. Түнде Алматыда нөсер жауын жауып, 21 су басу оқиғасы мен 19 ағаштың құлағаны тіркелді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Алматы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
-
BBC Жетісу туралы видеоролик түсірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. BBC телекомпаниясы Жетісу жерінің керемет табиғаты туралы видеоролик түсірді.
-
Алматы облысында коронавирустан 106 адам емделді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында коронавирустан айыққандар қатарына тағы 9 адам қосылды.
-
Мақтаарал: Жұмыс қарқыны жұмысшы топтың қадағалауында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Апат салдарымен күресте жұмысшы топ қарқынды жұмыс атқаруда. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов бастаған мамандар Мақтаарал ауданындағы су басқан аймақтардағы залалсыздандыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын қатаң бақылауға алған.
-
Винокуров Astana Pro Team велокомандасына қауіп төніп тұрғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Pro Team велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров Cyclismactu.net сайтына берген сұхбатында халықаралық күнтізбедегі үзіліс ұзаққа созылса, қазақстандық команданың жойылып кету қаупі бар екенін айтты. Бұл туралы Елорда Инфо сайты хабарлады.
-
Бүгін еліміз бойынша төрт қаланың ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы 15 мамыр күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады.
-
15 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым бөлігінде әлі де құбылмалы ауа райы сақталады.
-
Елімізде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3020,3 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Статистика комитетінен хабарлады.
-
Шығыс Қазақстанда туристерді қабылдауға тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында карантин кезінде демалыс базаларының туристерді қабылдауына тыйым салынды, деп жазды altaynews.kz.
-
Еліміз бойынша бөлшек сауда көлемі азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде соңғы төрт айда бөлшек сауда қанша теңгені құрағаны белгілі болды.
-
Испанияның туризм мен сауда саласы шығынға ұшырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус пандемиясы Испанияның туризм саласының дамуын тежеп, шығынға батырды, деп хабарлады 24.kz.
-
БЖТ төлеу несімен тиімді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірыңғай жиынтық төлем (АЕК) – бұл азаматтың еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда медициналық қызметтерге, базалық зейнетақыға, әлеуметтік төлемдерге қол жеткізуінің кепілі.
-
Жүзуден 2020 жылғы Азия чемпионаты кейінге шегерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүзуден 2020 жылғы Азия чемпионаты бір жылға кейінге шегерілді, деп жазды Olympic.kz.
-
Аягөзде 60 әскери қызметші баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аягөз гарнизонының әскери қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне "Оңтүстік" жабық әскери қалашығындағы тұрғын үйдің кілттері табысталды. Үй күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін тапсырылды.
-
Баянауылда туристердің саны артады деп күтілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдын ала есептеу бойынша, Баянауыл ұлттық паркінің курорттық аймағына алдағы жазда 300 мыңға жуық қонақ барады.
-
Вашингтонда карантин 8 маусымға дейін ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбия округінің мэрі Мюриэль Баузер карантин режимін 8 маусымға дейін ұзартты, деп жазды 24.kz.
Наверх