Вашингтонда карантин 8 маусымға дейін ұзартылды

15 Мамыр 2020, 00:48
1357
Бөлісу:
Вашингтонда карантин 8 маусымға дейін ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбия округінің мэрі Мюриэль Баузер карантин режимін 8 маусымға дейін ұзартты, деп жазды 24.kz.


Баузердің мәлімдеуінше, мұнда коронавирустың таралуын тоқтату үшін көбірек уақыт керек. Еске сала кетсек, осыған дейін бұл режим 15 мамырдан кейін алынып тасталатын болған.
Карантинді асығыс алып тастау қайғылы аяқталуы мүмкін. Біз экономиканы қалыпқа келтіруге тырысып жатырмыз. Бірақ вирус екінші рет тарап кетсе жағдайдың мұнан да қиын боларын көріп отырмыз, - деді Баузер.
Cонымен қатар оның айтуынша, егер Вашингтон шектеу шараларын кезең-кезеңімен алып тастаса, осы үй карантині режимін кез келген уақытта қайта қарауға болады.

Ресми статистикаға сәйкес, Вашингтонда жалпы COVID-19 жұқтырған 6584 адам тіркеліп, оның 350-і қайтыс болған.



Өзгелердің жаңалығы