Алматыда ХҚКО жұмыс істеп жатқан жоқ

15 Мамыр 2020, 16:16
2308
Бөлісу:
Алматыда ХҚКО жұмыс істеп жатқан жоқ

Алматы, BAQ.KZ. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы әлі басталмағанын мәлімдеді.

ХҚКО-лар Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері тиісті шешім қабылдағаннан кейін ғана азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсете бастайды.

Қазіргі таңда Алматы қаласында шағын және орта бизнес субъектілеріне қызмет көрсету үшін Шұғыла, 347/1 мекенжайында орналасқан бір ХҚО жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді алуға өтінімді egov.kz порталы арқылы ресімдеген азаматтар дайын болған құжаттарын Әуезов аудандық ХҚО-дан (Жандосов, 51) және мамандандырылған ХҚО-дан (Майлин, 85) алып кете алады. Аталған бөлімдерде тек дайын құжаттарды беру терезелері ғана жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

Egov.kz порталында онлайн брондау қызметі ХҚКО-лар өз қызметін қайта бастаған өңірлер үшін ғана жарамды. Алматы қаласы үшін ХҚКО-лар ашылғанға дейін брондалған кезек жарамсыз болып қалмақ.

Алматы қаласы бойынша ХҚКО-лардың жұмысының қайта басталуы туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының gov4c.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және БАҚ-тарда қосымша жарияланатын болады. Өзекті ақпаратты қадағалап отыруды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы