Алдағы демалыс күндері жаңбырлы болады

15 Мамыр 2020, 13:40
1380
Бөлісу:
Алдағы демалыс күндері жаңбырлы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы 16-18 мамыр күндері фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. 

Кей жерлерде найзағаймен жаңбыр, батыста, орталықта және оңтүстікте жекелеген аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде дауыл, желдің күшеюі күтіледі, сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал. Кезеңнің соңында батыс аймақтарынан басқа аудандарда оңтүстік-батыс тропосфералық ағындарымен температураның бірте-бірте жоғарылауы күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы