Бүгін еліміз бойынша төрт қаланың ауа сапасы нашарлайды

15 Мамыр 2020, 08:46
928
Бөлісу:
Бүгін еліміз бойынша төрт қаланың ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы 15 мамыр күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады.


Синоптиктердің болжамы бойынша ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Балқаш, Теміртау және Атырау қалаларында күтіледі. Өзге шаһарларда метеорологиялық ахуал қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы