Сарапшы: Бір ғана макроэкономикалық саясат экономикалық өсім деңгейін жылдамдата алмайды

15 Мамыр 2020, 15:40
1404
Бөлісу:
Сарапшы: Бір ғана макроэкономикалық саясат экономикалық өсім деңгейін жылдамдата алмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы сарапшы, Париж саяси ғылымдар мектебінің профессоры Сергей Гуриев онлайн кездесу барысында айтты.

Бүгін өткен макроэкономикалық жүйе (монетарлық және фискалдық саясат) бойынша талдамалық зерттеу нәтижелеріне қатысты онлайн пікір-талас кезінде проблемалық несиелерге қатысты мәселе көтерілді. Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) мен "WhiteshieldPartners" Консалтингтік компаниясы бірлесіп ұйымдастырған кездесуде сарапшы, Париж саяси ғылымдар мектебінің профессоры Сергей Гуриев аталмыш тақырыпқа қатысты ойын білдірген еді.

Тағы бір маңызды мәселе, бұл – проблемалық несиелер. Банк жүйесі инвестицияларды мойнында проблемалық активтер болмаған кезде ғана қаржыландыра алады. Проблемалық несиелер қоры құрылды. Ол тиімді жұмыс істеп, мұндай несиелерді банк баланстарынан Проблемалық несиелер қоры балансына жүйелі тасымалдауы керек. Бірақ, банк секторының реструктуризациясы аяқталуы қажет. Онсыз қаржылық трансмиссия, инвестиция өсімін қаржыландыру баяу жүретін болады. Бұл дағдарыстан кейін экономиканың қалыпқа келуі баяулайды деген сөз, - деді ол. 

Сарапшы бір ғана макроэкономикалық саясат экономикалық өсім деңгейін жылдамдата алмайтынын айтты.

Экономикалық өсімді жылдамдату үшін, әсіресе, мақсатты емес секторларда инвестициялардың жылдам өсімі қажет. Қазіргі таңда Қазақстандағы инвестиция көлемі ЖІӨ 19%-ын құрайды. Бір ғана макроэкономикалық саясат экономикалық өсім деңгейін жылдамдата алмайтынын естен шығармау керек, - деді Гуриев.

Айта кетейік, Сергей Гуриев бұған дейін Қазақстан үкіметі макроэкономикалық саясаттың қандай бағыттарына күш салуы керек екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы