Алматыда нөсер жауыннан көшелерді су басып, ағаштар құлады

15 Мамыр 2020, 10:00
1759
Бөлісу:
Алматыда нөсер жауыннан көшелерді су басып, ағаштар құлады
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Түнде Алматыда нөсер жауын жауып, 21 су басу оқиғасы мен 19 ағаштың құлағаны тіркелді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Алматы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Түнде әлеуметтік желіде су басқан көшелердің видеолары мен фотолары жарияланып жатты.  

Төтенше жағдайлар департаменті 14 мамыр күні қалада нөсер жауын болады деген ескерту алысымен құтқару жұмыстарына кірісіп кеткендерін айтады.

Кеше қарай үнемі су басатын аумақтарға құтқарушылар мен су сорғыш техникалар жіберілді. Сондай-ақ, басқа да су басу өтінімдері бойынша жедел жұмыстар атқарылды. 15 жеке үйді су басудан құтқарып қалдық, су олардың ауласына кіріп үлгерген. 4 көшеде су жиналып қалған және 2 көппәтерлі үйдің жертөлесіне су кету жағдайы тіркелді. Осы 21 су басу жағдайының 75 пайызы арық желілерінде судың нашар өтуінен болған, қалғандары арықтың тұрмыстық қалдықтармен бітелуінен болды, - делінген хабарламада. 
Сондай-ақ, дауыл кезінде 8 ағаш автокөліктердің үстіне,  тағы 11-і жолға құлаған. Құрбан болғандар жоқ, жол бойындағы кептеліс ашылды. Су басуға қарсы 131 қызмекер, 39 техника және 9 мотопомпа тартылған.
Наурызбай ауданы Әшімов көшесі 89 мекенжайында арық жүйесі суға толу салдарынан жеке үйдің аумағын су алды. Түңгі сағат он екі кезінде су басу тоқтатылды. "BSB contractions" ЖШС мердігер ұйымының жұмысшылары 30 қап құм төседі,  15 адам мен 5 арнайы техника тартылды,- делінген хабарламада. 

Нөсер жауыннан болған су басу кезінде 840 шаршы метр су сорылып, 260 қап құм төселген.


Өзгелердің жаңалығы