Алматы облысында науқастар саны 191-ге жетті

Алматы облысында науқастар саны 191-ге жетті
831

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысы Панфилов ауданында коронавирус жұқтырған бір адам тіркелді. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл сайынғы медициналық тексеруден өтуі кезінде науқаста инфекция бар екені анықталған.
Қоңырөлең ауылдық ауруханасына қаралу кезінде ол жөтел мен демігу мазалайтынын айтып шағымданған. COVID-19 инфекциясына жасалған экспресс-тестілеу барысында пациенттің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Науқас Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды, - делінген хабарламада. 

Онымен 33 адам қарым-қатынаста болған, барлығы қазір оқшауландырылып, карантинге алынды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

Қазір Алматы облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 191 адамға жетіп отыр.

Фото: ашық дереккөз