Еліміз бойынша бөлшек сауда көлемі азайды

15 Мамыр 2020, 06:33
1428
Бөлісу:
Еліміз бойынша бөлшек сауда көлемі азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде соңғы төрт айда бөлшек сауда қанша теңгені құрағаны белгілі болды. 

Статистика комитетінен хабарлағандай, елімізде бөлшек сауда көлемі 2020 жылғы қаңтар-сәуірде 2874,1 млрд теңгені құрады немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 11,8%-ға аз.

2020 жылғы қаңтар-сәуірде республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (30,4%), Нұр-Сұлтан қаласына (10,4%), Қарағанды (10,1%) және Шығыс Қазақстан (9,2%) облыстарына келеді.

Өзгелердің жаңалығы