БҚО: 5142 түлектің 4366-сы ҰБТ тапсырады

15 Мамыр 2020, 23:56
1476
Бөлісу:
БҚО: 5142 түлектің 4366-сы ҰБТ тапсырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, маусым айында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер ағымдағы жылдың 15 сәуірі мен 10 мамыры аралығында онлайн қабылданды. 

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеу облыс бойынша Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым аудандарының орталығында және БҚМУ, БҚАТУ-да орналасқан 9 тестілеу пунктінде өтеді. Тестілеу пункттерінің барлығында ҰБТ-ны өткізудің технологиясы қатаң сақталатын болады. ҰБТ-ны айқын және объективті өткізу үшін барлық жерде металл іздегіштер, ұялы телефондардың сигналдарын тұншықтыру және бейне бақылау қондырғылары қолданылады. ҚР "Білім туралы" заңының 6-бабына сәйкес, облыстың жергілікті атқарушы органы білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады. ҰБТ ағымдағы жылдың 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді, - деп жазылған Білім басқармасы таратқан хабарламада.

Биыл облыста 5 142 түлек мектепті аяқтайды. Олардың арасында 4 366 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берген.

ҰБТ бойынша түсіндіру жұмыстары БАҚ, интернет ресурстарда, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде жүргізілуде.

Білім басқармасының bbdo2020 парақшасында 11 cынып оқушыларына арналып ҰБТ-ға онлайн дайындық жұмыстары ұйымдастырылған.

Өзгелердің жаңалығы