Все новости за 28 наурыз 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Білім ордаларында мұғалімдер емтиханда оң шешім қабылдау үшін сыйақы алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ақтөбе адалдық алаңы" және "Саналы ұрпақ" жобалары аясында 2019 жылдың 25 ақпаны мен 20 наурызы аралығында облыстың жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері арасында өткізілген анонимді сауалнаманың нәтижелері туралы аймақтық арнайы мониторингтік тобының төрайымы Тәттігүл Талаева баспасөз-конференция барысында мәлімдеді.
-
Азаматтардың жалқаулыққа бой алдыруына жол бермеуіміз керек – Сапарбаев
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған үкімет мүшелері Ақмола облысындағы жұмыс сапары барысында өңір тұрғындарымен кездесті.
-
Дәл егіншіліктің аграрлық салада алар орны ерекше
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Солтүстік және Орталық Қазақстан жағдайында дәл егіншілік жүйесін енгізу» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
-
Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлық азаймай тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж.А. Жарасовтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
-
ШҚО-да Nur Otan партиясы Бастауыш ұйымдарының тұңғыш форумы өтті
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шараға екі жүзге тарта бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар әр деңгейдегі мәслихат депутаттары, «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері қатысты. Сонымен қатар, форум аясында ұйым төрағаларына арналған екі күндік оқыту семинары да ұйымдастырылды.
-
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының бойына 700-ден астам ағаш отырғызылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Әл-Фараби даңғылының бөлу жолағының бойына Желтоқсан көшесінен Ходжанов көшесіне дейін жапырақты және қылқан жапырақты 700-ден астам ағаш отырғызудың дайындық жұмыстары басталды.
-
Break dance олимпиада ойындарының қатарына енуі мүмкін
Алматы, BAQ.KZ. Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) брейк дансты Жазғы олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу ұсынысын мақұлдады, делінген ұйымның ресми сайтында.
-
Мәдина Әбілқасымова Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен бірқатар ауыз-түйіс іске асырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жастар театрының актерлары марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 наурыз Халықаралық театр күні қарсаңында Жастар театрының актерлары мен қызметкерлері марапатталды. Бұл туралы Жастар театрының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қытай елшісі Ішкі істер министрлігіне алғыс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция ұрланған қытайлық бизнесменді құтарды. Бұған тәулікке жетер-жетпес қана уақыт кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Мектеп оқушысы өзге планеталарды игеруге арналған робот моделін жасады
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Әлихан Тәліпбаев өзге планеталарды игеруге арналған құрылысшы-роботтың моделін жасап шығарды.
-
Араб инвесторлары қазақстандық компанияларға қызығушылық білдіріп отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самұрық-Қазына» АҚ Дубай қаласындағы Nasdaq Dubai MarketSite алаңында инвесторлармен Қордың даму стратегиясына, жекешелендіру бағдарламасына арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға ірі халықаралық компаниялардың өкілдері мен инвесторлар қатысты, деп хабарлады Қордың баспасөз қызметі.
-
Доллар бағамы 382 теңгеге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айырбастау пункттерінде бір доллар 380-382 теңге диапазонында бағаланып жатыр. Бұл туралы Kurs.kz жазды.
-
Маңғысау облысының әкімдігі қаза тапқан әскерилердің отбасына 1 млн теңгеден береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімдігі тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына 1 млн теңгеден көмек көрсететін болды. Бұл туралы Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
-
Тоқаев цифрлық технологияны жан-жақты енгізу қажеттігін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында А.Жұмағалиев Қазақстан Президентіне ведомство жұмыстарының нәтижелері және орташа мерзімді кезеңдегі жоспарлары жөнінде мәлімет берді. Бұл туралы ақорданың ресми сайтында хабарланды.
-
Әбдіқалықова «қалтадағы ХҚО-ның» мүмкіндіктеріне оң баға берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету және цифрлық қызмет көрсету орталықтарында болып, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен және өңірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты.
-
Біртанов: Ақмола облысындағы проблемалардың бірі – кадр тапшылығы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен өңір тұрғындарымен кездесу өтті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Қазақмыс Оңтүстік Кореядағы жетекші госпитальдің серіктесі атанды
Алматы, BAQ.KZ. Қол қойылған құжатқа сәйкес, оңтүстіккореялық мамандар Жезқазған Медициналық орталығының мамандарына ғылыми және өнеркәсіптік медицина саласында тәжірибелік және консультативтік көмек көрсететін болды.
-
Жол апатында автобус жүргізушісі 30-дан астам адамды құтқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 наурызда таңертеңгі уақытта Нұр-Сұлтандағы Қабанбай батыр даңғылында үш автобус пен жеңіл автокөліктердің қатысуымен жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алды. №1 автобус паркінің жүргізушісі апат кезінде 30-дан астам адамды құтқаруға атсалысқан. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ерболат Досаев Мемлекет басшысына валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуалды баяндады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Назарбаев Алматыдағы резиденциясында бірнеше кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы резиденциясында бірнеше кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Павлодарда мектеп директорлары демалыс бөлмесінен бас тартып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында 30-дан астам мектеп директоры демалыс бөлмесінен бас тартты. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев мәлімдеді.
-
Сайрам ауданында тігін фабрикасы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді мекенінде әскери және арнайы маман киімдері мен төсек орындарын тігетін "АХБК" тігін фабрикасы ашылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлағандарға берілетін сыйақы қалай есептеледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлағандарға берілетін ынталандыру сыйақысы қалай есептелетінін айтты.
-
Әділ Тұрсынов Елбасының кеңесшісі болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлағандарға 4,5 млн теңге берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың 2 айында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған 29 тұлғаға жалпы сомасы 4,5 млн теңге сыйақы берілді. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин мәлімдеді.
-
Қазақстандық және жапондық парламентшілер ынтымақтастықты нығайтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Жапония Парламенті өкілдер Палатасының спикері Тадамори Осимамен кездесті.
-
Елордада атаулы әлеуметтік көмек алу жеңілдетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алу туралы консультацияны Халықты жұмыспен қамту орталығынан және аудан әкімдіктерінен алуға болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Биыл 75 адам сыбайлас жемқорлық үшін еселенген айыппұлмен сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин сыбайлас жемқорлық үшін еселенген айыппұл түріндегі жазамен қанша адам сотталғанын айтты.
-
Нығматулин тікұшақ апатына байланысты көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Палата депуттарының атынан Қызылорда облысында орын алған оқиғаға байланысты қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.
-
Елордалық мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеру деңгейі тексерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл соңына дейін мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты мекемелердің 1800 қызметшісі тесттен өтеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
-
Головкин маусым айында жекпе-жек өткізеді
Алматы, BAQ.KZ. Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жегін маусымда өткізеді және бұл DAZN стриминг қызметімен үш жылдық келісімшарт бойынша алғашқы жұдырықтасу болмақ. Бұл туралы vesti.kz жазды.
-
Тоқаев Ресейге ресми сапармен барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралардың аңдатпасын ұсынды.
-
Шекарадан есірткі алып өтпек болғандар ұсталды – ҰҚК
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыздың 27-сі мен 28-і аралығында шекарашылар заңсыз әрекетке бармақ болғандардың жолын кесті. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Baiterek Development тұлғалары пара бергені үшін 1,9 млрд теңге айыппұл төлейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен бйланыс департаментінің директоры Арман Бердалин сыбайлас жемқорлық үшін еселенген айыппұл түріндегі жазамен сотталғандарға қатысты ақпарат берді.
«Аса ауыр қылмыстар бо
-
Назарбаев тіқұшақта қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әскери тікұшақтың апатқа ұшыруына байланысты қаза болғандардың отбасыларына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Тікұшақ апаты: қаза тапқандардың аты-жөні анықталды
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысындағы әскери тікұшақ апатынан қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды.
-
Түркістан облысында сауда логистикалық орталығы құрылады
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына барды. Ондағы бірқатар өндіріс ошақтарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қаламқас кен орнындағы өрттің шығу себептері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі- ҚМГ) Қаламқас кен орнының No8237 ұңғымасында болған жағдайға байланысты өрттің не себептен болғанын хабарлады.
-
Тегін дәрі-дәрмек туралы ақпаратты ұялы телефон арқылы алуға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі байланыс орталығы 1439 қысқа нөмірі бойынша қалалық және де ұялы телефондар үшін қолжетімді болды. Бұл туралы СҚ «Фармация» баспасөз қызметі хабарлады.
-
Нұр-Сұлтандағы жол апаты: 9 адамның жағдайы орташа деп бағалануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық №2 көпбейінді ауруханада 13 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Астананы Ақмолаға көшіруді Елбасы өз мүддесі үшін жасаған жоқ – Бекболат Тілеухан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Мирас" кеңесінің мүшелері елордаға Елбасы есімін беру туралы шешімге қолдау білдірді.
-
Арнайы экономикалық аймақ туралы заң қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың кезекті отырысында «Арнайы экономикалық және индустриялдық аймақтар туралы» Заң қабылданды.
-
Татарстанда сауда-экономикалық миссия өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24-26 сәуір аралығында Қазан қаласында «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit-2019» ІХ Халықаралық экономикалық саммиті аясында қазақстандық кәсіпкерлердің сауда-экономикалық миссиясы өтеді. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП баспасөз қызметі хабарлады.
-
«Ақылды ауданда» тұлғаны тани алатын домофондар орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Интеллект жүйесі автоматты түрде тұлғаның бет-бейнесін деректер базасымен салыстырады. Бұл туралы «Astana Innovations» АҚ-ның Facebook-тегі парақшасында жазылды.
-
Қазақстан мен Вьетнам арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дариға Назарбаеваның басшылығымен өткен Сенаттың кезекті отырысында «Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қабылданды.
-
Ертең ЕҰУ-де жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаладағы 30-дан астам жұмыс беруші өз кәсіпорындарында бар бос жұмыс орындарын ұсынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Талапкерлер онлайн сервис арқылы оқу орнын таңдай алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 6 түрлі критерий бойынша жоғары оқу орындары мен колледждердің тәуелсіз рейтингін көру үшін онлайн сервис іске қосылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Ветеринар ғалымдар депутаттарға Үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Отандық ветеринар ғалымдар депутаттарға үндеу жасады. Олардың айтуына қарағанда, елімізде ветеринария саласына грант аз бөлінеді.
-
Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенатта комитет төрағасы болып сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағалығына Мұхтар Құл-Мұхаммед сайланды.
-
«Қаламқас» кен орнындағы өрт сөндірілді - Энергетика министрлігі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қаламқас» кен орнындағы өрттің ошағы сөндірілді. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек мәлімдеген.
-
Қайрат Қожамжаров Сенат депутаты болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Сенаттың кезекті отырысында Қайрат Қожамжаров ант беріп, депутаттыққа қабылданды.
-
Дуалды оқыту. Оқу орнына да, жұмыс берушіге де тиімді
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау қаласындағы APEC PetroTechnic колледжі базасында дуалды оқыту бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалында «НҰДЖ» АҚ «Жайықмұнайгаз» мұнай өндіру басқармасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтіп жатыр.
-
Бакудегі халықаралық турнирде қазақстандық үш боксшы келесі кезеңге өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжанның Баку қаласында бокстан «Жібек жолы» халықаралық турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Түркістанда татуласу орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан медиаторларының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің татуласу орталығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне судьялар, облыстық әкімдік пен ҚХА филиалының өкілдері, медиаторлар мен заңгерлер қатысты.Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі хабарлады.
-
2021 жылға дейін бірреттік пластик ыдыстарға шектеу қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Европарламент пластиктан жасалған біррет қолдануға арналған ыдыс-аяқтарды Еуроодақ территориясында 2021 жылдан бастап шығаруға және сатуға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Deutsche Welle.
-
Тікұшақ апаты: 13 әскери қызметші қаза тапты
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза қапты.
-
#Өзіңнен баста. 28 фильмді қазақ тілінде дубляждауға 5,8 млрд доллар жұмсалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тіліне дубляждалған фильмнің тұсаукесеріне елордалық балалар жиналды.
-
Елбасы еңбек жолын бастаған кәсіпорын еңбеккерлері «Нұр-Сұлтан» атауын қолдайды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында Астана атауының «Нұр-Сұлтан» өзгеруі шешіміне байланысты қолдау шаралары жалғасын табуда. Теміртау қаласының металлургтері бұл жаңалықты қуана қабылдап, тарихи шешімге қолдау көрсетті.
-
Елордада күн жылынады
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш күнде елордада жаңбыр жауып, тұман түседі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
-
Қарағандыда «RoboLand-2019» фестивалі өтеді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда 29-30 наурыз күндері робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың фестивалі өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «RoboLand-2019» фестивалінде Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Италиядан келген 600-ге тарта бала қатысып, 300 жуық команда өзара жарысқа түседі.
-
«Қаражал-Атасу» тас жолында тасқын су жолдың ернеуінен асып кетті
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Кеше республикалық маңызы бар «Қаражал-Атасу» авто жолында еріген қар суы жолдың ернеуінен асып кеткен. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.
-
28 наурызға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.
-
Назарбаев Германия канцлерімен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Наверх