Білім ордаларында мұғалімдер емтиханда оң шешім қабылдау үшін сыйақы алған

28 Наурыз 2019, 22:53
2355
Бөлісу:
Білім ордаларында мұғалімдер емтиханда оң шешім қабылдау үшін сыйақы алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ақтөбе адалдық алаңы" және "Саналы ұрпақ" жобалары аясында 2019 жылдың 25 ақпаны мен 20 наурызы аралығында облыстың жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері арасында өткізілген анонимді сауалнаманың нәтижелері туралы аймақтық арнайы мониторингтік тобының төрайымы Тәттігүл Талаева баспасөз-конференция барысында мәлімдеді.

Тәттігүл Талаеваның айтуынша, жалпы сауалнамамен 1552 студент қамтылды. Олардың 585-і М. Оспанов атындағы БҚММУ-ң, Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-ң, С. Бәйішев атындағы және Қазақ-Орыс Халықаралық университеттерінің студенттері болса, 967-і 11 мемлекеттік колледждердің студенттері болып келеді.

Студенттердің назарына 14 сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылған.

Өткізілген сауалнаманың нәтижелері көрсеткендей, жергілікті ЖОО мен колледждерде емтихандық процедураларды өткізу кезінде оң шешім қабылдау үшін сыйақы алатындығы белгілі болды.

Осылайша, М. Оспанов атындағы БҚММУ, Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ, С. Бәйішев атындағы университет, сервис колледжі, өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінде студенттер бағаны «сатып алуға» болатын оқытушыларды көрсетіп, яғни кейбір оқытушылар 1 000 теңгеден 80 000 теңгеге дейін немесе сыйлық түрінде жүйелі түрде материалдық сыйақы алатын сыңайлы.

Студенттердің мәлімдеуінше, Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-де  заңсыз сыйақы 1 000 теңгеден 2 000 теңгеге, М. Оспанов атындағы БҚММУ- 5 000 теңгеден 80 000 теңгеге, С. Бәйішев атындағы университетте 1 500 теңгеден 10 000 теңгеге дейінгі соманы құрап, кейде оқытушылар баға үшін торт, бәліш немесе «KFC» компаниясының тағамдары түрінде сыйлықтарды сұратқан.

«Сонымен қатар, студенттерге ЖОО-ы мен арнаулы орта білім беру мекемелеріне түсу кезінде грантқа қабылдау үшін сыйақыға қызметтер ұсынып, жатақханадан бөлме алу кезінде кедергілер орнатып, оқытушылардың авторлық кітаптарын сатқан», - деді Тәттігүл Талаева.

Сондай-ақ, баспасөз-конференциясы барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Расул Медетов білім беру саласындағы тағы бір мәселеге тоқталып өтті.

«OLX» онлайн-хабарландырулар платформасында келесідей: "Дипломдық, курстық және магистрлік жұмыстарды жазамын, тапсырысқа мақала жазамын. Плагиат қорқынышты емес", "Дипломдық жұмыс-30 000" және тағы басқа мәтіндегі хабарландырулар бар.

Осыған ұқсас әр хабарландырулардың астында сәйкесінше автордың байланыс нөмірлері еркін түрде көрсетілген.

Департамент "Жасырын сатып алушы" әдісімен іс-шара өткізу барысында хабарландыру авторларының біріне телефон соқты.

Әңгімелесу барысында дипломдық жұмысты "сатушы", бұрын оқытушылыққызметпен айналысқандығын, дипломдық жұмыстың сапалы жазылуын ғана емес, сонымен қатар жақсы нәтижелерге кепілдік беретіндігін, дипломдық жұмыстыңқұны 50 000 теңгені құрайтындығын мәлімдеді», - деді Расул Медетов.

Қорытындылай келе Расул Медетов кез келген ұлтты жою атом бомбаларын немесе алыс радиуста пайдалануға болатын зымырандарды талап етпейтінін атап өтті. 

«Тек қана білім беру сапасын төмендету мен емтихандарда студенттердің алдаумен айналысуына мүмкіндік беру қажет. Науқастар осындай дәрігерлердің қолынан көз жұмады. Осындай экономисттер мен есепшілердің қолдарынан қаржы жоғалады. Заңгерлер мен судьялардың қолынан әділдік кетеді. Білім беру саласының құлдырауы – бұл ұлттың құлдырауы», - деп сөзін түйіндеді ол.

Жүргізілген сауалнама мен "құпия сатып алушының" қорытындылары қосымша зерделеу және мәліметтердің дұрыстығын анықтау мақсатында құқық қорғау органдары мен оқу орындарының сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу комиссияларына жолданды.

Өзгелердің жаңалығы