Дәл егіншіліктің аграрлық салада алар орны ерекше

28 Наурыз 2019, 21:40
3021
Бөлісу:
Дәл егіншіліктің аграрлық салада алар орны ерекше
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Солтүстік және Орталық Қазақстан жағдайында дәл егіншілік жүйесін енгізу» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Дәл егіншіліктің аграрлық салада алар орны ерекше

Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі С.А.Сапаров, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К.Божко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.А.Звольский, университет ректоры А.Қ.Күрішбаев, «Агрофирма Родина» ЖШС директоры И.А.Сауэр, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары, аудан әкімдері, қауымдастықтар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, агробизнес өкілдері қатысты.

Семинар-кеңестің негізгі мақсаты - 9 шаруашылық базасында пилоттық жобаны іске асыру барысында университет жинаған нақты егіншілік технологиясын трансферттеу және өндіріске енгізу бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ білімді тарату болды.

Дәл егіншіліктің аграрлық салада алар орны ерекше

«Бұл жиын дәл егіншілік технологиясын трансферттеу және оны өндіріске енгізу  жөнінде  тәжірибе алмасу. Осы орайда, айта кетту керек, университетіміз республикамызда алғашқылардың бірі болып, дәл егіншілік жүйесін ұсынып отыр. Бұл жүйе дамыған елдерде кеңінен қолдалынып келеді. Және өзінің жоғары тиімділігін көрсетіп отыр. Дәл егіншілік жүйесін біздің жағдайға бейімдеуге қол жеткізіп отырмыз. Бұл істі біз агротехнологиялар жөнінде әлемде көш бастаушы болып саналатын АҚШ-тың Дэвис қаласындағы Калифорния университетімен бірлесе отырып жүзеге асырдық. Бүгінгі таңда университетімізде «CLAAS» және  «John Deere» компанияларымен бірлікте дәл егіншіліктің орталығын құрып, дамытудамыз»,- дейді ҚазАТУ ректоры Ақылбек Күрішбаев

Дәл егіншіліктің аграрлық салада алар орны ерекше

Сарапшылар мен ғалымдар аурулар, зиянкестер мен арамшөптердің мониторингі кезінде геоақпараттық жүйелер және жерді қашықтықтан зондтау; дәл егіншілік жүйелерін техникалық қамтамасыз ету; дәл егіншілік технологияларына арналған агрохимиялық зерттеу; тұқымдарды фитоанализдеу; зиянды организмдердің фитосанитарлық мониторингі сынды күрделі мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Семинарға қатысушылар Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының 9 пилоттық шаруашылығын цифрландыру бойынша жобаның жүзеге асырылу барысымен танысып, АӨК дамытудың өзекті мәселелері мен жоспарлары жайында сөз қозғады.

Дәл егіншіліктің аграрлық салада алар орны ерекше

«Найдоровское» ЖШС директоры П.В.Лущак басқарып отырған шаруашылықта жүзеге асырылған дәл егіншілік жүйесінің артықшылықтарына тоқталды. Сонымен қатар осы жылы  тәжірибені кәсіпорынның өңделетін жерлерінің барлық алаңына таратуға ақшалай қаражат салынғанын хабарлады. Сондай-ақ шара аясында қатысушылар ҚазАТУ ғалымдарының жетістіктері көрмесімен танысты. Отандық АӨК-де жоғары тиімді өндіріс құру мақсатында аграрлық сала мамандарына кеңес беруге қабілетті ғалымдармен нәтижелі пікірталас өтті.

Дәл егіншіліктің аграрлық салада алар орны ерекше

Іс-шара Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлының 70 жылдығына арналған «Ғылым, өндіріс, бизнес: «Байсерке-Агро» агрохолдингі үлгісіндегі аграрлық сектордың қазіргі жағдайы мен инновациялық даму жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция шеңберінде ұйымдастырылып отыр.

Өзгелердің жаңалығы