Маңғысау облысының әкімдігі қаза тапқан әскерилердің отбасына 1 млн теңгеден береді

28 Наурыз 2019, 18:10
2679
Бөлісу:
Маңғысау облысының әкімдігі қаза тапқан әскерилердің отбасына 1 млн теңгеден береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімдігі тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына 1 млн теңгеден көмек көрсететін болды. Бұл туралы Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

«Кеше таңғы сағат 8-де Ақтаудан ұшып шыққан Ми-8 әуе көлігі кешкі 5-тер шамасында Қызылорда аумағында құлап, түгел жанып кетті. Шейіт болған 13 адамның 12-сі Ақтаудағы №30153 әскери бөлімінің қызметкерлері. Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжанов құлаған тікұшақтың тізгінінде болған Роман Костыговтың отбасына барып, көңіл айтып, қажетті көмектің көрсетілетінін жеткізді», - делінген таратылған хабарламада.

 

 

Өзгелердің жаңалығы