Азаматтардың жалқаулыққа бой алдыруына жол бермеуіміз керек – Сапарбаев

28 Наурыз 2019, 22:02
2025
Бөлісу:
Азаматтардың жалқаулыққа бой алдыруына жол бермеуіміз керек – Сапарбаев

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған үкімет мүшелері Ақмола облысындағы жұмыс сапары барысында өңір тұрғындарымен кездесті.

Үкімет мүшелері халықтың әл-ауқатын арттыру, аз қамтылған азаматтар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырға көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша жүзеге асырылатын жобаларды түсіндірді.

«Бұған дейін еліміздің батыс өңірлерінде болып, ел тұрғындарының жағдайымен таныстық. Жұмыс тобының мақсаты – жергілікті жерлерде қандай проблемалар бар, соны анықтау, халықпен пікір алмасу», - деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова.

Оның айтуынша, әлеуметтік сала, үймен қамту бойынша басты жобалар үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Елімізде атаулы әлеумттк көмек жағдайы ең төмен отбасыларға ғана төленеді.

Медицина, білім сапасын арттыру – басым бағыттар. Баспана бойынша түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Осы орайда, өзге өңірлер тәжірибесі де үлгі болуға тиіс екенін айтып өтті Вице-премьер.

«Айталық, Қызылорда кәсіпкерлер жағдайы төмен отбасыларға үйлер салып беріп жатыр. Бұл өте құптарлық құптарлық жайт. Осы облыста да бар мұндай тәжірибе. Елбасы тапсырмасы бойынша ең төменгі жалақы алатын азаматтардың жалақыларын көбейту қолға алынып отыр. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың механизмі де өзгереді. Еліміз бойынша 830 мың адамға бұл көмек түрі тағайындалады. Соның ішінде 17651 ақмолалық АӘК-пен қамтылады», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың механизмін халыққа дұрыс түсіндіру қажеттігін алға тартты.

«Кей адамдар құжаттарды 1 сәуір күні өткізу керек деп түсінген. Құжатты сәуірдің аяғында өткізсе де азаматтар атаулы әлеуметтік көмекті 1 сәуірден бастап алады. Әрі бұл көмек түрі ең мұқтаж жандарға ғана төленеді. Егер жұмыс істейтін мүмкіндігі бола тұра, ол азаматқа мемлекеттен көмек берілетін болса, бұл дұрыс болмайды. Біз азаматтардың масылдыққа, жалқаулыққа бой алдыруына жол бермеуіміз керек. Осы жағын тұрғындарға жеткілікті деңгейде түсіндірген жөн. Жергілікті әкімшіліктер әр отбасының жеке әлеуметтік картасын жасап, онда сол отбасы мүшелерінің тұрмысы, денсаулығы көрсетілуі тиіс»,- деді Бердібек Сапарбаев.

Министр көпбалалы отбасыларға берілетін жеңілдетілген несие туралы да түсіндіріп өтті.

«Атамекен» ҰКП бірлесіп «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілАуылдық жерлерде тұратын көпбалалы отбасыларға өз кәсіптерін ашу үшін 500 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие беріледі. Үйлерінде мүгедек бала асырап отырған жандарға өз кәсібін ашуға көмектесу керек. Оларды қысқа мерзім ішінде тігінші, аспаз, т.б. сұранысқа ие мамандықтарға оқытылады. Осылайша жұмыс істегісі келетін жандарды қолдауға тиіспіз, - деді министр Бердібек Сапарбаев.

Министр аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамтуға кәсіпкерлерді де тарту керектігін алға тартты. Жергілікті жерлерде баспанаға қол жеткізе алмай жүрген жандарға кәсіпкерлер тарапынан пәтер алуға, оны жөндеуге көмек көрсетілуі тиіс екенін айтты.


 

Өзгелердің жаңалығы