Елордада атаулы әлеуметтік көмек алу жеңілдетілді

28 Наурыз 2019, 15:33
2197
Бөлісу:
Елордада атаулы әлеуметтік көмек алу жеңілдетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алу туралы консультацияны Халықты жұмыспен қамту орталығынан және аудан әкімдіктерінен алуға болады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Халықты жұмыспен қамту орталығы төмендегі мекенжай бойынша орналасқан: Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» БО. Бұдан бөлек тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін АӘК бойынша кеңес беру қосымша мына мекен-жайлар бойынша да жүріп жатыр: «Алматы» ауданы әкімінің аппараты, Тәуелсіздік даңғылы, 7; «Байқоңыр» аудан әкімінің аппараты, Брусиловский көшесі, 17/3; «Есіл» ауданы әкімінің аппараты, Қабанбай батыр көшесі, 33; «Сарыарқа» ауданы әкім аппараты, Сарыарқа даңғылы, 13.

Сондай-ақ, Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қосымша төмендегі мекенжайларда орналасқан ХККО-да да қызмет көрсетеді: «Есіл» ауданы – №1 бөлім, Мәңгілік Ел д-ы, 30, №2 бөлімі Сауран көшесі, 7; «Алматы» ауданы – №3 бөлім, Достық к-сі, 13, №4 бөлім, Тәуелсіздік даңғылы, 32; «Байқоңыр» ауданы – №5 бөлімі, Абай даңғылы, 80; «Сарыарқа» ауданы – №6 бөлім, Сейфуллин к-сі, 22-үй, №7 бөлім, С409 көшесі, 13, № 8 бөлім, Республика даңғылы, 43.

1 сәуірден бастап АӘК 50 ден 70% өседі (14 849-ден 20 789 теңге). Осылайша, ай сайынғы атаулы әлеуметтік көмек 18 жасқа дейінгі әр балаға 20 789 теңгені құрайтын болады. Оған қоса ата-аналарға жан басына шаққандағы орташа табысының АӘК айырмасы төленеді.

Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жалақы және жеке қосалқы шаруашылық табысы (жеке қосалқы шаруашылықтардағы) ескерілетін болады.

АӘК төлеу кезінде мынандай жәрдемақылар есепке алынбайды: төрт және одан көп балалары бар көпбалалы отбасыларға; «Алтын Алқа» және «Күміс Алқа» алған көпбалалы аналарға; мүгедектік бойынша жәрдемақы, сондай-ақ стипендия.

Сонымен қатар, «Е-халық» арқылы АӘК көрсету рәсімі оңайлатылады (ауылдық округ әкімдерінің шаруашылық кітабының электрондық нұсқасы арқылы).

АӘК-ті алу үшін тек отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын жеке құжаты керек.

«Азаматтар тек АӘК алуға өтініш беруі керек. Ары қарай мемлекеттік қызметкер АӘК тағайындау үшін құжаттардың электрондық көшірмесін алуға электронды жүйеге сұраныс жасайды. Егер сұраныс анықталған жағдайда, жұмысқа орналасу және әлеуметтік адаптация бойынша әлеуметтік келісімшарт жасайды», - деп мәлімдеді Жұмыспен қамту орталығында.  

Өзгелердің жаңалығы