Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлық азаймай тұр

28 Наурыз 2019, 21:23
2625
Бөлісу:
Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлық азаймай тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж.А. Жарасовтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес барысында Қарағанды облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жағдайы талқыланды.

Отырысқа ҚР Парламентінің депутаттары, Қарағанды облысының әкімі, Бас прокуратураның, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Партия орталық аппаратының басшылары қатысты.

Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлық азаймай тұр

«Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Кеңес отырысына материалдар дайындау мақсатында жұмыс тобы Кеңес төрағасының бірінші орынбасары Оралбай Әбдікәрімовтің, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты қызметкерлерінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, прокуратура органдары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы қызметкерлерінің қатысуымен 2017-2018 жылдар кезеңінде Қарағанды облысындағы партиялық бағдарламаны орындау жөніндегі жұмыстың жағдайын зерделеді.

Биыл 1-7 наурыз аралығында Қарағанды облысына барған сапарында жұмыс тобы партияның аймақтық және 5 аумақтық филиалында (Теміртау, Саран, Жезқазған, Сәтпаев, Балқаш қалалық және Шет аудандық) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс барысымен танысқан болатын. Сондай-ақ әкімдіктер жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялардың жұмысы қаралған (облыстар, қалалар және аудандар).

Кеңес төрағасының бірінші орынбасары Оралбай Әбдікәрімовтің айтуына қарағанда, өзінің төрағалығымен жұмыс жүргізген жұмыс тобы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің және Партиялық бақылау комиссиясы төрағалары мен мүшелерінің, жергілікті атқарушы, мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен партияның облыстық филиалында кеңес өткізген. Оның барысында облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайының мәселелері талқыланған.

Партияның аймақтық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Кеңес төрағасының брінші орынбасары О.Ә. Әбдікәрімов жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларымен бірлесіп азаматтарды қабылдау өткізді.

Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлық азаймай тұр

«Өңірдегі сыбайлас жемқорлықтың жағдайымен байланысты ахуалды зерделеу жергілікті деңгейде қабылданып отырғаны шаралар тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсетті. Тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар санының төмендеуіне қарамастан, сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылған адамдардың саны өскен. Егер 2017 жылы 59 адам тартылса, 2018 жылы 65 адам жауапқа тартылған. Бұл ретте негізгі үлесті, яғни 51 %-ды парақорлық фактілері, сонымен бірге 2017 жылы 43 % құрады» - дейді Оралбай Әбдікәрімов.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезінде әлеуметтік маңызды объектілерді салу барысында ұрлау орын алған мәселелері талқыланды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде тиісті белсенділікті таныптайтын өңірдің партиялық ұйымдарына сын айтылды.

Отырыс қатысушылары атап өткендей, жалпы алғанда қалыптасқан жағдайды объективті, жүйелі және білікті талдау, сыбайлас жемқорлық көріністер үшін себептер мен жағдайларды анықтау, қабылданып отырған шаралардың тиімділігін, ұйымдастыру жұмысындағы кемшіліктерді бағалау қажет. Азаматтық қоғам институттарын тартып, өңірдегі қалыптасқан сыбайлас жемқорлық жағдайды кең және ашық талқылау, сыбайлас жемқорлық көріністері үшін себептер мен жағдайлар бойынша пәрменді шараларды әзірлеу, олардың іске асырылуын қатаң бақылау халықтың сенімін тудыртып, сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» аясын қалыптастырып, өңірдің елеулі экономикалық әлеуетін толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді.

Отырыс қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарына анықталған кемшіліктерді жою және партиялық ұйымдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Ержан Жаубай

Өзгелердің жаңалығы