Қазақстандық және жапондық парламентшілер ынтымақтастықты нығайтты

28 Наурыз 2019, 15:45
1647
Бөлісу:
Қазақстандық және жапондық парламентшілер ынтымақтастықты нығайтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Жапония Парламенті өкілдер Палатасының спикері Тадамори Осимамен кездесті.

Кездесу барысында Гүлмира Исимбаева жапониялық парламентшіге осы жылдың 23-24 қыркүйегі аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдерінің парламенттері спикерлері IV отырысына қатысу үшін ресми шақыру хатын табыс етті. 

Өз кезегінде Тадамори Осима Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне екіжақты қарым-қатынастарды орнатып, дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.Сонымен қатар, Жапония спикері Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси тұрақтылықты қалыптастырудағы жетістіктеріне тоқталды. 

Сонымен қатар, Өкілдер Палатасының спикері Тадамори Осима Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы Жапония Парламентіндегі баяндамасының тарихи маңыздылығына, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Хиросимаға жасаған сапары туралы айта келіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары мен нақты іс-әрекеттері антиядролық қозғалыстың әлемдік көшбасшысы деп санауға мүмкіндік беретінін жеткізді. 

Әңгіме барысында парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Гүлмира Исимбаева Жапонияның сакура гүлдейтін уақытымен және Наурыз мейрамының құндылықтарының ұқсастығын атап өтіп, Қазақстан мен Жапонияның парламентаралық байланыстары дамудың жаңа серпініне ие болатынын және тұтастай алғанда екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтатынына сенім білдірді. 


Өзгелердің жаңалығы