Дуалды оқыту. Оқу орнына да, жұмыс берушіге де тиімді

28 Наурыз 2019, 10:26
2128
Бөлісу:
Дуалды оқыту. Оқу орнына да, жұмыс берушіге де тиімді
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау қаласындағы APEC PetroTechnic колледжі базасында дуалды оқыту бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалында «НҰДЖ» АҚ «Жайықмұнайгаз» мұнай өндіру басқармасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтіп жатыр. 

"Бүгінгі таңда дуалды білім беру жүйесі - техникалық мамандарды даярлаудағы ең тиімді әдіс. Аталмыш формат оқу үрдісінде теория мен тәжірибені қатар ұстауға мүмкіндік береді. Өндіріс орны үшін бұл – өздеріне кадр даярлап алу, қызметкерлерді іздеу және таңдау барысында шығынды азайтуға, оларды қайта даярлап, бейімдеу жағынан тиімді. Ал, білім алушыларға өз мамандығы бойынша өндіріс орнына тез бейімделуге және оқу бітірген соң жақсы жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Дуалды оқыту екі тараптың да қызығушылықтарына жауап береді", - деді ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі.

Сондай-ақ, ол оқыту сапасы үшін білім беру мекемелері мен кәсіпорындар тең жауапкершілікті алатынын атап өтті. 

"APEC PetroTechnic Жоғары колледжінің студенттеріне арналған дуалды білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білікті мамандардан іріктелді «Жайықмұнайгаз» ҰҒМ қызметкерлері студенттерге тәлімгерлік етті. Студенттер «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалында «НҰДЖ» АҚ «Жайықмұнайгаз» ЖШС және «АНПЗ» ЖШС хош иісті көмірсутектерін өндіру базасында оқыды", - дейді Майраш Тайкенова.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Атырау қаласындағы APEC PetroTechnic колледжі базасында дуалды оқыту бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалында «НҰДЖ» АҚ "Жайықмұнайгаз"  мұнай өндіру басқармасы ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

"Кәсіпқор" холдинг басқарма басшысы Ермек Күзенбаев аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттер үшін қандай жеңілдіктер жасалғанын айтты.  

Өзгелердің жаңалығы