Все новости за 3 тамыз 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
«Үлкен Алматы» өзенінің жағалауы қауіпті аймаққа айналды
Алматы, BAQ.KZ. Өзеннің қос қапталындағы ойық жерлер жүргіншілерді әбден әбігерге салған. Адамдар аталған аумақта түнгі уақытта мұнда келудің өзі қорқынышты дейді. Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады.
-
Британдық ғалымдар Қазақстанда ет өнімділігін арттыратын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен «AкТеп» қазақстандық компаниясы мен «Genus Breeding британдық Ltd» компаниясы арасында «Абердин-Ангус» және «Герефорд» тұқымдарының генетикалық өзегін қалыптастыру туралы келісімге қол қойылды. Келісім бес жыл мерзімге жасалып, қосымша келесі бес жылға ұзарту мүмкіндігін ескереді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Қазақстан мен жақын шетелден келген 200 бала еліміз бойынша тамаша саяхатқа жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың темір жол вокзалынан «Туған елге саяхат» балалар туристік пойыз» жобасының үшінші маусымының қатысушылары сапарға аттанды. Тоғыз күндік тамаша саяхатқа аттанбас бұрын балалар елорданың көрікті жерлерімен серуендеп, қаланың сәулет өнерін тамашалап, «ЭКСПО-2017» көрмесіне экскурсия жасады. Бұл туралы «Samruk-KazynaTrust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Корпоративтік коммуникациялар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Павлодарда 891 көп балалы отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп, жұмыспен қамту орталығында баспасөз турын ұйымдастырды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.
-
«Тарихы терең Түркістан» ақпараттық туры басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тарихы терең Түркістан» атты ақпараттық туры басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Қызылордада көпбалалы отбасынан шыққан түлектерге қосымша 192 грант бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен қосымша 192 грант бөлінді. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайтында хабарланды.
-
Семей жастары үшін тегін шеберлік сабағы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей жастары үшін тегін шеберлік сабақтары ұйымдастырылмақ. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.
-
Индонезиядағы 7,4 балл жер сілкінісі салдарынан 1 адам қаза тапты
Алматы, BAQ.KZ. Индонезияның батыс бөлігінде болған 7,4 баллды жер сілкінісі салдарынан 1 адам қаза тапты. Бұл туралы 24.kz сайтында хабарланды.
-
Қарағандыда жедел жәрдем қосалқы станциясының құрылысында ақау шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда Майқұдық шағын ауданында жаңа жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы салына бастады. Алайда мердігерлердің жұмысында ақаулар анықталған. Ендігі кезекте тапсырыс беруші сот арқылы аталмыш олқылықтарды жоюды талап етіп отыр. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
-
Тоқаев Арыстағы жарылыстан қаза тапқан баланың ата-анасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылыс салдарынан қаза тапқан баланың ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.
-
Ақтөбедегі 1 миллион түп көшеттің қурап қалу себебі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 1 миллион түп көшет егілген кезде технологиясы мүлде сақталмағанын айтты. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.
-
«Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы бойынша меморандумға қол қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 2 тамызда ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арасында «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын іске асыру аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігніің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматы әкімдігінде Ашық есік күні өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері және басқарма басшылары халықпен кездесіп, ашық есік күндерін өткізіп, түйткілді мәселелерді дер кезінде шешуге көмектеседі.
-
Нұр-Сұлтан қаласында «Бірге – таза Қазақстан!» экологиялық акциясы жалғасын табуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Бірге – таза Қазақстан!» экологиялық акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласының маңайын тазалау жұмыстары жүргізілді.
-
Елге сынақ – ерге сынақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық бұқаралық ақпарат құралдарында «ешкімге кедергі келтірме» деген ұстаным бар. Яғни, таратылатын ақпараттың өз деңгейіндегі фактілерге сүйену қажеттігін, алайда арандату немесе өзге де тәсілдер арқылы бұқараның санасын улап, теріс насихат әрекеттерін жасайтын құралға айналмауын жай ғана қарапайым сөйлеммен «ешкімге кедергі келтірмеумен» түсіндірген, деп жазады Egemen Qazaqstan.
-
Елорда әкімі азаматтарды кезекті қабылдауын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды кезекті қабылдауын өткізді. Елорда тұрғындары дәрі-дәрмек, білім алуға және балабақшаға жолдама алуға, жұмыс табуға және жеке ісін дамытуға көмек сұрап келді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.
-
Шілде айында медициналық сақтандыру қорына қанша жарна түсті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы шілде айында Медициналық сақтандыру қорына 9,5 млрд теңгеден астам жарна түсті.Бұл туралы Әлеуметтік сақтандыру қорының баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Полицейлер толғағы қысқан әйелді босандырып алды
Алматы, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальондары жол бойын жүкті әйелді босандыруға көмектесті. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Облыстық білім басқармасы отандық тігіншілерді қолдауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы білім беру басқармасы отандық тауар өндірушілеріне қолдау көрсетуге шақырады. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.
-
Семейде 7 ай ішінде менингит ауруының 25 жағдайы тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде 7 ай ішінде менингит ауруының 25 жағдайы тіркелген. Оның ішінде тек бір ғана науқас ересек қатарынан табылған. Демек, ауру балалар арасында тез таралады. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.
-
Өскеменде ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 тамызда еліміздегі қалалардың басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болмайды.
-
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 тамызда ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, республика бойынша кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.
-
Елімізде қарыз кешіру рәсімі қашан аяқталады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кімнің қарызы кешіріледі, кім кешіреді? Бұл сұраққа "Айқын" газеті жауап беруге тырысты.
-
Екібастұзда үшінші жылыжай салынуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жылыжай кешені голландиялық технология бойынша қызанақ өсіретін болады. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің Екібастұзға жұмыс сапары барысында KBI Energy ЖШС техникалық директоры Жангелді Абылғазин мәлімдеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
-
Қазақстан халқының тұрмыс сапасы жақсарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Статистика комитеті зерттеу қорытындысына сүйене отырып хабарлады.
-
Ұлттық музейде жас суретшілердің топтық көрмесі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жас суретшілер шығармашылығын қолдау мақсатымен «ArmandaStar» топтық көрмесін ашты. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Жапония Оңтүстік Кореяны «ақ тізімнен» шығарып тастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күншығыста басталған сауда соғысы өршіп барады. Бұл жолы Жапония министрлер кабинеті Корея Республикасын аралық сауда-саттықтағы «ақ тізімнен» шығарып тастады, деп хабарлайды 24.kz.
-
Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 12% өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы шілдеде 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12% жоғарылады.
-
Қазақстанның қажылық миссиясы өз жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізден Сауд Арабиясының Мекке қаласына келген Қазақстан қажылық миссия өкілдері өз жұмысын бастады. Бұл туралы ҚМДБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Теміртауда балалар емханасы және әйелдер консультациясы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда №2 емхана базасында күрделі жөндеуден кейін педиатриялық бөлімше мен әйелдер консультациясы ашылды.
-
Англияда жауын салдарынан Тоддбрук бөгеті қирады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Англияның орталығындағы Дербишир графствосында бірнеше күн жауған толассыз жауын салдарынан Тоддбрук су қоймасының бөгеті қирап түсті. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
-
Түркістанда киелі жерлерге арналған көпкүндік ақпараттық тур басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында«Рухани жаңғыру» бағдарламасыаясында «Тарихы терең Түркістан» атты ақпараттық тур басталды. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
Наверх