Индонезиядағы 7,4 балл жер сілкінісі салдарынан 1 адам қаза тапты

3 Тамыз 2019, 14:48
1764
Бөлісу:
Индонезиядағы 7,4 балл жер сілкінісі салдарынан 1 адам қаза тапты

Алматы, BAQ.KZ. Индонезияның батыс бөлігінде болған 7,4 баллды жер сілкінісі салдарынан 1 адам қаза тапты. Бұл туралы 24.kz сайтында хабарланды.

Ақпаратқа сәйкес, табиғи апаттың ошағы Бантен аралынан 151 шақырым жерден өтіп, кіндігі 52 шақырым тереңдікте болған. АҚШ геологиялық барлау орталығы бұл жер сілкінісінің күшін 6,9 балл деп көрсетті.

Сондай-ақ табиғи апаттан 4 адам жараланған. Бұл туралы Индонезияның стихиялық апаттарға қарсы күрес агенттігі хабарлады. Елдегі Бантен аралының жағалауында болған жер сілкінісінен кейін цунами қаупі туралы жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы