Англияда жауын салдарынан Тоддбрук бөгеті қирады

3 Тамыз 2019, 00:41
1659
Бөлісу:
Англияда жауын салдарынан Тоддбрук бөгеті қирады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Англияның орталығындағы Дербишир графствосында бірнеше күн жауған толассыз жауын салдарынан Тоддбрук су қоймасының бөгеті қирап түсті. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 

Апаттан Уэйли Бридж қаласының көшелері су астында қалды. Су тасқынынан аймақтағы көпір опырылып, көлік жол қатынасы тежелді. Тәртіп сақшылары апатты аймақтардан тұрғындарды шұғыл эвакуациялауға кірісті.

Болжам бойынша 5 мыңға жуық адам өзге жерге көшірілуі тиіс. Әзірге апаттан жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.




Өзгелердің жаңалығы