Тоқаев Арыстағы жарылыстан қаза тапқан баланың ата-анасына көңіл айтты

3 Тамыз 2019, 13:33
1798
Бөлісу:
Тоқаев Арыстағы жарылыстан қаза тапқан баланың ата-анасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылыс салдарынан қаза тапқан баланың ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

«Өкінішке қарай, автокөлік қағып, ауыр жарақат алған арыстық бала елорда ауруханасында қайтыс болды. Ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Иманды болсын!», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасына.

24 шілде күні Арыста болған жарылыс кезінде 9 жасар бала алған мидың ауыр жарақатынан кейін комаға түскен.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Арыстағы оқиғадан кейін әлі күнге дейін жан сақтау бөлімінде жатқан баланың жағдайы ауыр екені туралы айтса, кеше Нұр-Сұлтан қалалық №2 балалар ауруханасыбаланың көз жұмғанын растаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы