Полицейлер толғағы қысқан әйелді босандырып алды

3 Тамыз 2019, 10:11
2314
Бөлісу:
Полицейлер толғағы қысқан әйелді босандырып алды

Алматы, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальондары жол бойын жүкті әйелді босандыруға көмектесті. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2 тамыз күні ерлі-зайыпты Сәлімбаевтар Қордай аудандық перзентханасына жолға шыққан. Алматы-Ташкент күрежолының 183 шақырымында олардың көліктері бұзылып, жол бойында қалған.

«Көмекке келген Жамбыл облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальондары аға лейтенант Т.Сейімбетов пен полиция лейтенанты Б.Наурызбаев қызметтік көліктерімен оларды емханаға қарай жеткізбек болған. Алайда олар перзентханаға дейін жете алмады. Әйелдің толғағы қысып, полицейлердің қызметтік көлігінде ұл бала өмірге келді», - делінген хабарламада.

Көп ұзамай жедел жәрдем қызметі де сол жерге жетіп, оларды емханаға жеткізген.

Өзгелердің жаңалығы