Павлодарда 891 көп балалы отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады

3 Тамыз 2019, 16:44
1977
Бөлісу:
Павлодарда 891 көп балалы отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп, жұмыспен қамту орталығында баспасөз турын ұйымдастырды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше,   2019 жылғы 1 сәуірден аз қамтылған, көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға бағытталған жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек енгізілді.

«2019 жылғы 26 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2625 отбасыға төленді. Оның ішінде 709,0 млн теңге сомасына 11288 адам (БДП- 979 , ОДП – 1646)», - дейді жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары Лариса Кузьменкова.

Атаулы әлеуметтік көмектің алушылары 891 көп балалы отбасы немесе көп балалы отбасылардың жалпы санынан 62,1% болып табылады (барлығы қала бойынша – 1435 көп балалы отбасы).

Жүгіну кезінде атаулы әлеуметтік көмектің алушыларынан 920 адам жұмыс істеді. Жұмыспен қамту шараларына атаулы әлеуметтік көмектің 785 алушысы мұқтаж. Жұмыспен қамту шараларымен 229 алушы қамтылды, оның ішінен тұрақты жұмысқа 202 адам орналастырылды.

Азаматтарды жұмыспен қамту үшін: көп балалы аз қамтылған азаматтарға жаңа бизнесті іске асыруға 200 АЕК-тен (505,0 мың теңге) 75 өтеусіз мемлекеттік грант, жастарға 86 грант бөлінді.

30-дан астам мамандық бойынша қысқа мерзімді оқу курстарынан өтуге мүмкіндік бар, курстар 1 қыркүйектен басталады; кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі, микрокредит беру.

АӘК тағайындау және жұмыспен қамту шараларын көрсету үшін Ак.Бектұров көшесі, 115 Б мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуге болады.

Өзгелердің жаңалығы