Алматы әкімдігінде Ашық есік күні өтеді

3 Тамыз 2019, 12:12
1875
Бөлісу:
Алматы әкімдігінде Ашық есік күні өтеді

Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері және басқарма басшылары халықпен кездесіп, ашық есік күндерін өткізіп, түйткілді мәселелерді дер кезінде шешуге көмектеседі.

Барлық аудандарда басқарма басшылары, тиісті аудандардың әкімдері және аудандық полиция басқармаларының бастықтары тұрғындармен кездеседі. Тамыз айында 32 кездесу өткізу жоспарлануда.

18 басқарманың басшылары қала әкімінің тиісті орынбасарларының қатысуымен «Open Almaty» қоғамдық қабылдау бөлмесінде Ашық есік күндерін өткізеді. Іс-шаралар әр екі апта сайын қыркүйек айынан бастап ағымдағы жылдың соңына дейін өтеді. Барлығы тоғыз іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, аудан әкімдері күнделікті халықпен кездесулер мен ашық есік күндерін өткізеді. Мысалы, алдағы аптада 6-9 тамыз аралығында Әуезов, Медеу, Түрксіб, Наурызбай, Бостандық аудандарының әкімдері тұрғындармен кездеседі.

Ашық есік күндері мен халықпен кездесу кестелерімен Алматы қаласы әкімдігінің, аудандардың және жергілікті БАҚ-тың ресми сайттарынан көруге болады.

Өзгелердің жаңалығы